ГИДРОФИЛДІК ЖӘНЕ ГИДРОФОБТЫҚ

ГИДРОФИЛДІК ЖӘНЕ ГИДРОФОБТЫҚ (грекше «…фобос – қорқы- ныш» + «…филео – сүйемін») – жұғу құбылыстарында анықталатын және молекулааралық өзараәсерлесу күштері себеп болатын қатты дененің суға тектестігін сипаттайтын ұғымдар. Гидрофилдік пен гидрофобтық – заттардағы молекулалардың әртүрлі сұйықтармен өзараәсерлесулерінің сипаттамалары болатын лиофилдік [грекше «лио – босатамын, ерітемін»] дербес жағдайлары. Осы гидрофилдік пен гидрофобтықты су тамшыларының дененің тегіс бетінде ағулары бойынша, яғни олардың жұғулары бойынша ажыратуға болады. Тамшылар гидрофилдік бетте тұтастай ақса, гидрофобтық бетте – ішінара ғана ағады, оған қоса тамшы беті мен қатты дененің арасындағы бұрышына дененің гидрофобтығына қаншалықты тәуелді болады (қ. Жұғу).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *