ГИДРОФИЗИКА (грекше «гидро – су» + физика) – Жердің су қабығы гидросфера және онда өтетін физикалық үрдістер (процестер) туралы ғылым. Гидрофизика судың үш агрегаттық күйіндегі молекулалық құрылымын, әлгі күйлердің арасындағы ауысуларды, судың және мұздың механикалық және жылулық қасиеттерін, олардың акустикалық, оптикалық, электрлік сипаттамаларын, сулы ортаның әрқилы қозғалыстарын зерттейді. Гидрофизика геофизиканың саласы ретінде құрлық суының физикасына (немесе құрлық гидрологисына) және теңіз физикасына ажыратылған.