ГЕНРИ

ГЕНРИ (Гн, Н) – индуктивтіліктің және өзара индуктивтіліктің Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ) бірлігі. Американ физигі Джозеф Генридің (1797 – 1878) құрметіне аталған. 1 Гн – тұрақты ток күші 1 А болған кезде 1 вебер магниттік ағын қоздырылатын электрлік контурдың индуктивтілігіне тең. Осы анықтамаға пара-пар анықтама: 1 Гн – электр тізбегіндегі токтың 1 А/секунд жылдамдықпен бірқалыпты өзгеруі кезінде 1 В өздік индукцияның электрқозғаушы күші пайда болатын индуктивтілігі. 1 Гн = 1 В·секунд/А = 1 Вб/А = 109 см (СГСМ бірлігі) = 1,1·10–12 СГСЭ өлшем бірлігі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *