АФЕРЕЗИС Аферезис (грек. ἀφαίρεσις – алып тастау, айрылу) – алдыңғы сөздің соңғы дыбысының әсерімен келесі сөздің алғашқы дауысты дыбысының түсіп қалуы. Профессор С.Мырзабеков «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» атты еңбегінде аферезистің элизияға қарамақарсы құбылыс екендігін, яғни бунақта қатар келген екі дауыстының кейінгісінің түсіп қалуы арқылы жасалатынын көрсетеді. Мұндай құбылыс қазақ тілінде сирек кездеседі. Мәселен, «не ішесің?» деген сөз тіркесі тіліміздің айтылымына сай «нешесің» болып дыбыстық құбылуға түсіп тұр