ӨЛЕҢ ҰЙҚАСЫ

ӨЛЕҢ ҰЙҚАСЫ

Жоғарғы келтірген мақал-мәтел, жұмбақ немесе әртүрлі өлеңдерден алған үзінділердегі дыбыс құрылыстарының әуезділігі, сөздерінің аяққы дыбыстары: «жарық – халық; шауып – тауып; сермеп – тербеп» болып ұйқасып келушіліктердің арқасында, бұрынғыдан да күшейе түседі.

Сөз аяқтарының бұл сықылды болып бірдей не бірдейге жақын естілушілігін өлең ұйқасы (рифма) деп атайды. Ұйқасатын сөздер соңғы 2 буынның бастапқы дыбысының, басқа дыбыстарының барлығы дәлмедәл ұйқасып келуі мүмкін (кейде екі буынның түгел ұйқасуы, тіпті 3 буынның дыбыстары бірдей келуі де мүмкін). Бұл ұйқасты толымды ұйқас деп атаймыз. Мысалы: шауыптауып, т.б.

Өлең ұйқасы кейде дәл ондай болып дәлме-дәл келмеуі де мүмкін. Бұл ұйқасты толымсыз ұйқас деп атайды. Мыса лы: сөз байлаужарқылдау, т.б.

Бұл жерде жалғыз-ақ соңғы буынының «а», «у» деген дыбысы  болмаса, басқа дыбыстары ұйқаспайды, сондықтан ол то лымсыз ұйқасқа жатады. Ескерте кететін бір нәрсе толымды, толымсыз ұйқастар жалпы ұғым. Ұйқастардың қандай түрі болсын, құлаққа естілуі жағынан не толымды, не толымсыз ұйқастан құрылады.

Түрі жағынан қара өлең ұйқасы құлаққа естілуі, әуезділігі жағынан толық ұйқасқа жататын бір мысал келтірелік:

Жасымда ғылым бар ескермедім, Пайдасын көре-тұра тексермедім. Ер жеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгідінен кеш сермедім.

                                                      (Абай)

Бұл үзінді 4 жолдан тұрады, бір жолы ұйқассыз. 3 жолы (1-2-4) ұйқасқан. Ұйқасқан 3 жолының бәрі де толық ұйқасқа жатады. Соңғы бунақтағы сөздердің мағынасы басқаша болғанмен, дыбыс құрылыстары, құлаққа естілуі бірдей.

Қазақ тіліндегі дыбыстардың ашығы, қысаңы, еріндігі, езулігі, қатаңы, ұяңы бар. Ендеше дыбыстардың өзара осылай бөлінуі ұйқасқа да әсерін тигізеді.

Қ.ЖҰМАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *