БӨЛШЕКТЕР ЭМИССИЯСЫ

БӨЛШЕКТЕР ЭМИССИЯСЫ (латынша «емиссио – шығару») – қатты дененің немесе сұйықтың вакуумда немесе өзгедей ортада зарядталған бөлшектер (электрондар, иондар және бейтарап атомдар немесе молекулалар) шығаруы. Заттарды қыздыру нәтижесінде термоэлектрондық эмиссия, термоиондық эмиссия, сондай-ақ булану үрдістері (процестері) жүзеге асады. Материалдардың беттерінде күшті электр өрісі тудырылса автоэлектрондық эмиссия, иондық эмиссия, десорбция, булану пайда болады. Электрмагниттік өріс кванттары атомдардың фотоэлектрондық эмиссиясын және десорбциясын тудырады. Заттарды электрондармен немесе иондармен сәулелендіру бөлшектердің әртүрлі эмиссияларының: екінші реттік электрондық эмиссияның, екінші реттік иондық эмиссияның, иондық-электрондық эмиссияның туындауына себепші болады. Материалдардың ішінде күшті өрістер тудырылған кезде («ыссы» электрондар эмиссиясының) және химиялық энергия бөлісін немесе құрылымдық түрлендірулер кезінде (экзоэлектрондық эмиссияның бөлшектер эмиссиясының) пайда болуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *