БІРЛІК

БІРЛІК – өзгедей біртекті шамалардың мөлшерін анықтау үшін қолданылатын арнайы шама.
Еселік бірлік – физикалық шамалардың жүйелік бірлігінен бірнеше есе (әдетте 10 бүтін дәрежеде) артық физикалық шаманың бірлігі.
Жүйеден тыс бірлік – бірліктердің кез келген жүйесіне енбеген физикалық шамалардың бірлігі.
Жүйелік бірлік – кез келген бірліктер жүйесіне енетін физикалық шама бірлігі.
Негізгі бірлік – физикалық шаманың қалауымызша таңдалып алынған жүйелік бірлігі.
Массаның атомдық бірлігі – атомдық және ядролық физикада 12С – көміртек нуклиді массасының 1/12 үлесіне тең атомдар, молекулалар және қарапайым бөлшектер массаларын өрнектеу үшін пайдаланылатын бірлік.
Массаның техникалық бірлігі – МКГСС (метр, килограмм-күш, секунд) бірліктер жүйесіндегі масса бірлігі.
Туынды бірлік – физикалық шамаларды байланыстыратын теңдеулері пайдаланылатын негізгі бірліктерден құралатын физикалық шамалардың бірлігі.
Физикалық шамалардың бірлігі – анықтамасы бойынша 1-ге тең сан мәні меншіктелген (берілген) физикалық шама.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *