БОЙЛЬ НҮКТЕСІ

БОЙЛЬ НҮКТЕСІ – р – рV координаттарындағы нақты (реал) газдың изотермасындағы минимум нүктесі (сызбаға қараңыз; р – газ қысымы; V – газдың алып тұрған көлемі); ағылшын химигі әрі физигі Бойльдің (1627 – 1691) құрметіне аталған. Бойль нүктесінің маңайындағы нақты газдың изотермасының шағын уческесін жуықтап рV=(М/μ) RT (R – газ тұрақтысы, М – газ массасы, μ – молекулалық масса, Т – абсолюттік температура; V – газ көлемі) Клапейрон теңдеуіне сәйкес идеал газдың изотермаларының көкжиектік түзуінің кесіндісі ретінде қарастыруға болады. Екінші сөзбен айтқанда Бойль нүктесі берілген нақты газ үшін идеал газ теңдеуі қолданылатын кездегі температураны анықтайды (аb) изотерманың учаскесі (Бойль нүктесінің сол жағы) нақты газ идеал газбен салыстырғанда едәуір сығылатын жағдайға сәйкес болады; bc учаскесі (Бойль нүктесінің оң жағы) нақты газдың идеал газбен салыстырғанда аздау сығылатын жағдайына сәйкес келеді. Бойль нүктесінің сол жағында молекулалар арасындағы тартылыс күштері газдың сығылуын жеңілдететін ықпалы басымдылық көрсетеді, Бойль нүктесінің оң жағында – сығылуға қарсылық көрсететін молекулалардың өзіндік көлемінің ықпалы басымырақ болады. Бойль нүктесінің маңайында нақты газдың идеал газдан ерекшеленетін осы факторлар өазара бірін-бірі теңгереді (компенсациялайды).
Бойль нүктесін жекелеген изотермдермен жалғастыратын (қосатын) сызықтар Бойль қисықтары деп аталған. Орди- ната осінің бойында жататын осы қисық- тың нүктесі Бойль температурасы деп аталатын температураны (Тв) анықтайды. Ван-дер-Ваальс теңдеуіне бағынатын газ үшін Тв=3,375Тк (мұндағы Тк – кри- зистік температура). Т<Тк кезде газдың қысыммен толықтай (түгелдей) сұйы- луы мүмкін. Т<Тв болғанда дросселден- дірілген кезде газдардың ішінара сұйы- луы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *