
БОЗЕ – ЭЙНШТЕЙН СТАТИКАСЫ – спині нөл немесе бүтін санды
(0,1,2,… h бірлігімен) бөлшектер жүйесіне қолданылатын кванттық статика. 1924 ж. үнді физигі Шатьендранат Бозе (1894 – 1974) жарық кванты – фотондар үшін ұсынған, мұны сол ж. Альберт Эйнштейн (1879 – 1955) идеал газ молекулаларына қолдану үшін дамытқан. Бұл статиканың ерекшелік сипаттамасына сәйкес бір кванттық күйде кез келген санды бөлшектер бола алады. Осы статикаға жұп нуклондары болатын ядролар, фонондар, пи-мезондар, бозондар бағынышты.
Спині бүтіннің жартсына тең бөлшектер жүйесі (электрондар, нуклондар, тақ санды нуклондары болатын ядролар, фермиондар) Ферми – Дирак статикасына бағынышты. Осы статиканың ерекшелігі әрбір кванттық күйде бір бөлшектен артық бөлшек бола алмайды.