
Алты буынды өлең. Өлеңнің бір шумақтағы тармақтары бір өңкей буыннан құралады. Біздің өлең құрылыстарында негізге алатынымыз шумақ. Біз 11 буын, 8 буын, 7 буын дегенде, осы буындармен жазылған шумақтар бар ма, жоқ па, міне осы жағынан қараймыз. Жоғарғы бунақтарға бөлуіміздің негізінде шумақ жатыр. Сол буындармен құралған шумақтар бар болғандықтан жоғарғы буындарға бөліп отырмыз.
6 буынды өлең екі бунақты боп келеді. Біріншісінде де, екіншісінде де буын үшеуден аспайды да, кем де түспейді. 6 бу ынды өлеңнен өз алдына шумақ та кұралады. Тек қана бір шумақ емес, 6 буынды өлеңмен үлкен поэма да жазуға болады. Мысалы:
3 3
/Қара көз,/ /имек қас,/
3 3
/Қараса,/ /жан тоймас./
3 3
/Ауызың – бал,/ /қызыл гүл,/
3 3
/Ақ тісің/ /кір шалмас./
3 3
/Қыр мұрын,/ /қыпша бел,/
3 3
Солқылдар/ /соқса жел./
3 3
/Ақ етің/ /үлбіреп,/
3 3
/Өзгеше/ /біткен гүл./
(Абай)
Бұл сықылды өлең басқа ақындардан да табылады
Қ.ЖҰМАЛИЕВ