
БАЯУЛАТҚЫШ, н е й т р о н д а р д ы – ядролық реактордағы нейтрон- дардың кинетикалық энергиясының белгілі бір шамасын кеміту үшін, оларды жұтпайтын атомдардың ядроларымен көптеген рет соқтығыстыру үшін қолданылатын зат. Баяулатқыш ретінде массалық сандары аз заттар: кәдімгі ауыр су, гелий, берилий, графит және басқа заттар пайдаланылады. Сұйық баяулатқыш көбінесе бір мезгілде жылутасығыш ретінде де пайдаланылады.