АТОМ ЭЛЕКТР СТАНСАСЫ (АЭС)

АТОМ ЭЛЕКТР СТАНСАСЫ (АЭС), ядролық электр стансасы – атом (ядро) энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы. Атом электр стансасы бірқатар ауыр элементтердің [негізінен 233U (уран –233), 235U (уран–235), 239Рu (плутоний–239)] ядроларының ядролық реакторлардағы ыдырауының тізбекті реакциясы нәтижесінде бөлінетін жылуды, кәдімгі жылу электр станциясындағыдай электр энергиясына түрлендіреді. 1 г уран изотопы немесе плутоний ыдырағанда жуық шамамен 22,5 МВт∙сағат энергия босап шығады. Бұл 2,8 тонна шартты отынды жаққанда шығатын энергияға парапар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *