АТОМДЫҚ СПЕКТРЛЕР

АТОМДЫҚ СПЕКТРЛЕР (латынша «спектрум – көріну») – атомдардың энергиялық деңгейлері аралығындағы электрмагниттік сәуле шығарушы кванттық ауысулар кезінде еркін немесе өзара әлсіз әсерлесетін атомдардың әлгіндей сәуле шығаруын және жұтуын сипаттайтын спектрлер. Бұл спектрлер электр- магниттік сәулелер жиілігімен (υ) сипатталып, жеке-дара спектрлік сызықтардан құралған. Бұл сызықтардың әрқайсысы екі энергиялық деңгейдің (ࣟі және ࣟк) аралығындағы белгілі бір кванттық ауысуларға сәйкес болады және электрмаг- ниттік сәулені жұту және шығару (тарату) жиілігінің (υ) мәндерімен сипатталады, Нильс Бордың жиілік шартына hυ = ࣟ0– ࣟк (мұндағы h – Планк тұрақтысы). Спектрлік сызықтық жиілікке қоса толқын ұзындығы λ=с/υ, толқындық сан 1/λ=υ/с (мұны спектроскопияда көбінесе υ арқылы белгілейді) және фотон энергиясымен де (hυ) анықтауға болады. Атомдық спектрлер өздеріне тән ерекшеліктерімен ажыратылады, бұлардың түрлері тек атомның құрылымымен ғана емес, сонымен қатар сыртқы факторлар – температурамен, қысыммен, электрлік және магнит- тік өрістермен т.б. анықталады.
Атомдық спектрлер көзге көрінетін сәулелермен, ультракүлгін сәулемен және жақын инфрақызыл сәулелерден байқалады. Атомдық сәуле шығару спектрлері (эмиссиялық атомдық спектрлер) атомдарды әртүрлі тәсілдермен қоздырған (жарықпен, электрондық соққымен т.б.) кезде пайда болады. Атомдық жұту спектрлері (абсорбциялық атомдық спектрлер) сәуленің үздіксіз спектрлерінің газдар немесе бу атомдары арқылы өтуі кезінде туындайды. Бейтарап атомдардың спектрлерін көбінесе доғалық атомдық спектрлер деп атайды, себебі бейтарап атомдар электр доғасымен оңай қозады; иондардың атомдық спектрлері сәйкес түрде ұшқындық спектрлер делінеді. Сыртқы электрлік және магниттік өрістердің әсерлерінен атомдық спектрлер спектрлік сызықтарға жіктелетін болады (Зееман эффектісі мен Штарк эффектісі).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *