
АТМОСФЕРА (грекше «атмос – бу» + «сфера – шар»), Ж е р а т м о с ф е- р а с ы – Жердің айналасындағы газды орта, ол Жермен бірге айналады. Атмосфера массасы жуық шамамен 5·1515 тонна. Жер бетіне жақын аймақтағы атмосфераның құрамы: 78,1% азот, 21% оттек, 0,9% аргон, шамалы ғана көмірқышқыл газ, сутек, гелий, неон т.б. газдар. Негізгі газдардың пайыздық қатынасы жуық шамамен 100 км биіктікке дейін (гомосферада) аз ғана өзгеріске ұшырайды. 20 – 25 км биіктікте Жердегі тіршілік иелерін залалды қысқа толқынды сәулелерден қорғайтын озон қабаты орналасқан. 20 км биіктіктен төменгі атмосферада: жер бетінде – 3%-дан, тропиктік аймақта – Антарктида 2∙10-5%-ге дейін су буы болады.
100 км биіктіктен жоғары (гетеросферада) ауаның құрамы биіктеген сайын жеңіл газдардың үлесі артады, өте жоғары биіктікте гелий мен сутек көбірек болады; газдардың молекулаларының бір бөлігі атомдар мен иондарға жіктеледі, бұдан ионосфера түзіледі.
Атмосферадағы ауаның қысымы мен тығыздығы биіктікке көтерілгенде кемиді. Температура биіктікке көте- рілген сайын күрделі өзгереді. Атмосфера температураның өзгерісіне орай тропосфераға, стратосфераға, мезосфераға, термосфераға, экзосфе- раға ажыратылған. Атмосферада күннің және жердің радиациялары шашы-
райды әрі жұтылады, осыларға қоса Атмосфера қабатының орташа тәуліктік атмосфераның өзі инфрақызыл сәуленің температура өзгерісіне сәйкес келетін құры- лымы көзі болады. Жер бетімен атмосфера аралығында жылу мен ылғал алмасады, осыдан бұлттар түзіліп әрі жауын-шашын болып судың тұрақты айналысы қалыптасады. Атмосферада электр өрісі болады, оған қоса атмосферада әртүрлі электрлік, оптикалық және акустикалық құбылыстар байқалады. Атмосферадағы ауа үздіксіз қозғалыста болады. Атмосфераның бірқалыпты қызбау себебінен оның ортақ айнылысы (циркуляциясы) туады, осы жайт ауа райы мен климатқа әсерін тигізеді.