
Прохоров Александр Михайлович (1916 – 2002) – орыс физигі. Жиілік пен уақыттың молекулалық стандарттарын тұжырымдаған, осы тұжырым оны 1954 ж. Н. Г. Басовпен бірге аммиак негізді алғашқы молекулалық генератор жасауға әкелді. 1955 ж. Басовпен бірлесіп, теріс жұту ортасын жасау әдісін ұсынды. Бұл әдіс үш деңгей әдісі деп аталған.