Паули Вольфганг

Паули Вольфганг (1900 – 1958) – швейцар физигі. 1924 – 25 жылдары осы заманғы теориялық физиканың маңызды принципі – бүтіннің жартысына тең спинді тепе-тең екі бөлшек бірдей күйде бола алмайды делінетін принципті тұжырымдаған (Паули принципі). Э. Фермимен бірлесіп, металдардағы, электрондық газдағы күшті айныған деген түсінікті енгізген. 1931 ж. нейтронның болатыны туралы болжал айтқан және нейтронның негізгі қасиеттерін, 1955 ж. қарапайым бөлшектердің симметриясын бейнелейтін СРТ- теоремасын тұжырымдаған. Нобель сыйлығының иегері (1945 ж.).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *