МІНӘЖАТ  ЖАНРЫНЫҢ  ТІЛДІК-ТАНЫМДЫҚ  СИПАТЫ

МІНӘЖАТ  ЖАНРЫНЫҢ  ТІЛДІК-ТАНЫМДЫҚ  СИПАТЫ

 

Содиықова Жанат Маратқызы –

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, филология институтының 3-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы С.А.Жиренов

 

Дін  исламның  қасиетті  қағидаларын   насихаттау, уағыздау  қазақ  әдебиетінің орта  ғасырдағы  ғұлама ақындары  Қожа  Ахмет  Йасауидың мұраларымен, ұлттық тарихтағы жыраулық  мұраттармен, біртін келе ақындардың  мұң-мінәжат  өлеңдерімен  ұштасып  жатты.  

 Біздің  елімізде  ислам  дінінің  тарауы   VII-VIII ғасырлардан   басталса, оның  нағыз  өркен  жайған  кезеңі  Қожа  Ахмет  Йасауи  ғұмыр  кешкен  XII ғасыр  екені  хақ.  Ал, бұл  кезде   халқымыз  мұсылманшылыққа   бір  жола  бет  бұрып, өнерге, ғылым-білімге, қол жеткені арабша  хат  танып,  арабша  оқығаны  көне  құжаттардан  белгілі. Қазақ  паэзиясында  исламдық  мазмұнға  құрылған  мінәжат  өлеңдерде  осы  түста, түркі, араб, парсы  әдебиеттерінің  ежелгі  дәуірлерден  келе  жатқан үлгісі  ретінде көрініс  тапты. Орта  ғасырлық  сопылық  паэзиядағы сөз, әуез, қимыл әрекеттер  тұтаса  орындалатын  зікір  рәсімімен қатар мінәжат өлеңдер де исламдық  ортада  қолданылды. Адам  баласының  өзін  жаратушы  Құдіретке, тылсым  күш  иелеріне  жалынып жалбарынуы, жәрдем  тілеуі  оның  болмысында  бар  қасиет. Сондықтан  мінәжат   сөздері  мен  жырларының  адамзат  қоғамының   алғашқы дәуірінде ақ пайда  болғаны  күмән  тудырмайды. Қазақ  фальклорының ең көне үлгілерінде кездесетін Тәңіріге жалбарыну, рухтардың    желеп  жебеуін, тылсым  күш  иелерінің  жарылқауын  тілеу  мәніндегі  шумақтарды  мінәжат  жырларының ауыз  әдебиетіндегі  алғашқы  нұсқалары   ретінде  қабылдауға  болады. Ислам  дінінің  енуімен қатар  төл  әдебиетіміздегі  сиыну  мәнді  жырлар  да  ислами реңкке  ие  болып,  «Аллаға мінәжат» ұғымының  аясына  топтасты. Ал  жазба  әдебиеттің   біртұтас,  тұлғаланған  жанры  ретіндегі  мінәжаттың   шығу  төркіні   исламдық  араб  паэзиясынан   бастау  алады. Басқа  да  бірқатар  исламдық  жанрлар  секілді   исламдық  мазмұндағы мінәжат  түркі  жазба  әдебиетіне   парсы   паэзиясы   арқылы  сатылай енген. Мінәжат   түп  төркіні  араб  тілінен   болса да, исламдық  ұғымы «Алланың   дәргаһына дұға  қылып, жалбарына тілек  тілеу» оның  басты  міндеті деп  көрсеткен  еді  шығыстанушы  ғалым  Ислам  Жеменей [1, 17 б]. Сонымен қоса адам  баласы  

тек  Алладан  тілек  тілеуі, адам  адамның  құлы  емес, Алланың құлы екенін есте сақтауы тиіс.        

 Мінәжаттың шығу төркінін әдебиеттанушы ғалым Ислам  Жеменей  мінәжат–арабтың «мүнажат» деген сөзінен шыққан. Парсы әдебиетінде бес мағынасы бар:1.Біреумен сырласу, сыбырласу; 2.Алламен сырласу; 3.Біреудің ішкі ойын ұғыну; 4.Сырласу; 5.Алладан тілеу [2, 66 б] деп  көрсетеді. 

Мінәжат  түркінің      кітаби   әдебиетінен  қазақтың  ауыз   әдебиетіндегі  тілек, бата атауларымен     жырланып  келеді. Бата  алғашқы  қауымдық  құрылыс кезіндегі табиғаттан  тыс   күштерге   табыну    негізінде    қалыптасқан.  Бата   қазақ   халқының   ғұрпында  адал  ниет, жақсы  тілек білдірудің  бір  түрі. Өте  ерте  заманнан салтқа  енген   бата беру кейде  өлеңмен, кейде тақпақ, көркем  қара  сөзбен  ауыз  әдебиетінің  бір  жанры  болып   қалыптасты. Бата  беруде  күнделікті өмірдің    жақсы  жағын салыстыру сипатымен  қатар  анимистік  мағиялық   наным   сенімдердің   элементі кездеседі. Белгілі бір     істі  бастарда, жауға,  жолға     шығарда   ақ   тілек,  әзіз   ақсақалдан   бата   алу  әдетке айналған. Сонымен    қоса   осы  бата  тілек   ізгі  ниетті    мінәжат  арқылы  Алланың  құлағына   шалынсын  деп  тілеген  болар. Қазақтың  діни  ғұрпында   батаға  ұлкен  мән берілген, оны  өлген  адам  мен  «Құдай  алдындағы  парыз»  деп   есептеген.  Мінәжат   ертеден  ақ  қазақ   арасында   кеңінен  қолданылған, яғни  «бата» және «тілек»  балама  сөздерімен  өмір  сүріп  келген.    

 Осы  орайда «Мінәжат қазақ әдебиетінде  өзімен мазмұндас  тілек салтымен  біте  қайнасқан   бата  сөзімен  өмір  сүріп  келе  жатыр. «Бата» қазақ   арасында  кеңінен    тараған даналардың  ұрпағына  тілейтін     ақ   тілегі. Бата мінәжат «Алладан тілеу»   деген    мағынаны    білдіреді.  Сондықтан   мінәжаттың   исламдық   мазмұны   мен  қазақтың «бата» салты әдемі  үйлесім  тапқанын  көреміз»- деген, И.Жеменей   пікірі   орынды  пайымдаудан туғанын атап өткен жөн [3, 8-9 б].

Тарих  аясында  түркілерден   қазақ    халқы  дербес  шаңыраққа            ие  болған  соң   мінәжат  түрленіп, басқа  да   ұғымдарына   сай   көрініс  тапқан. Яғни  бата    қазақ   арасында  кеңінен    тараған    қария    даналардың   

ұрпағына  тілейтін   ақ   тілегі, ізгі    ниеті   ретінде   қабылданған. Осы  бата,  мінәжат  «Алладан   тілеу» деген  мағынамен  тең   келеді. Тілек кең  мағынада алып қарастырсақ  көксеген  ой, мүдде, мұрат, мақсат, ақ тілек,  адал, ізгі ниет. Халық  арасында   «тілегіңе  жет», «тілегің    қабыл    болсын», «арман мақсатың   орындалсын»,  «жақсылық    көр»   деген    тілегі  бір  ниеттес   баталар үлкендер тарапынан  айтылып жатады. Қазақ   батаны   киелі   тілек   деп   қабылдаған ғой. Батаны  үлкеннің   кішіге  айтқан   тілегі   ғана  деп қабылдауға болмайтынын, батаның  тәлім тәрбиелік мәнінің  тереңде жатқанын  бағамдай  білуіміз  керек. Соған  орай  әр жас қиян  үй болар алдында   дана    данагөйлердің    батасынсыз    қия   баспаған.  Яғни  қазақтың    танымында     батаның    түпкі   мағынасы   Алладан   адамның    тілеуін,  ізгі    істерінің  ақиреттегі  ізгі  нәтижесін тілеу  болып  көрініс  тапқан. Батаны    халқымыз киелі   тілеу деп   бағалайды. Бұған   дәлел  «Бата  сөздің  анасы»,«Атаңнан  бота қалмаса да, бата қалсын»,«Ботаның  құны  бір ақ жұт, бата балаға мәңгі   құт», «Баталы  ер арымас батасыз ер жарымас», «Баталы  құл  батар, Батасыз    ұл   қатар», «Ғайыптан     тапқан    алтыннан,  Ақсақалдың  батасы  артық», «Тіріге   сәлем, Өліге   бата», «Ақ   қойдың    қаны, Ақ   сақалдың  батасы», «Атасын    құрметтеп   тұрған   баланың, Тілеген   тілегі   қабыл   болады», «Адамнан   тілеген  қариды, Құдайдан  тілеген   жариды», «Жауынмен  жер көгереді, Батамен ел көгереді»   [4,1213б]    деген    секілді    аталы   сөздің ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып келе жатқандығы.

Төл әдебиетіміздегі  мінәжат  жанрының  дамуы – әдебиет тарихының  өн бойына созылып  жатқан  құбылыс. Алғашқы ауызекі әдебиет  үлгілерінен бастап, бүгінгі жаңа  ғасыр    жырларына дейін  жалғасып  жатқан  мінәжат өлеңдерінің  қалыптасқан  болмыс-бітімі, мәнер-машығы, көркемдік  әдістері бар. Қоғамдық   өзгерістерге, әлеуметтік    көзқарастарға  сәйкес    аталмыш жанрға деген сұраныс артып, мінәжаттың  дербес  жанр  ретінде  тұлғалана көрінген  кезеңдері  де, нақты  өмірлік  тақырыптардың  көбірек  жырланып, мінәжат  жанрының  байсал  тартқан  тұстары  да болды. Дегенмен  адамның жан   дүниесіндегі   алғаусыз   сезімдермен  астасып   жататын  аса  сыршыл мінәжат  жырлары  ешқашан  әдебиет    әлемінен    ысырылып   қалған  емес. Қандай  қилы  кезеңдерде   болмасын   мінәжат    мәнді    өлеңдер  өміршең қалпын  сақтап, тұтастай    буын  өкілдерін   өнегесіне  ұйыта   білді. Қазақ әдебиетінің алтын  қорын  байытқан   рухани  қазынамыздың  бірі – мінәжат жырлары     ескірмейтін,   жоғалмайтын,   әдебиет  барда   бірге    жасайтын мәңгілік  тақырыптардың   бірі   болмақ.

 

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі:

  1. Жеменей И. «Хикмет» шығармасының тілдік  және  әдеби   табиғаты //

Халықаралық  ғылыми  практикалық  конференция  материалдары. –Алматы: 2010. – 171 б.

  1. Жеменей И. Мінәжат // Ақиқат. 2007, №4  -66-67 б. 
  2. Әбдірәсілқызы А. Қазақ әдебиетіндегі мініжат жанры:ежелгі паэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі //    Үркер     2010,       №1.       —       8-9       б.            

Қазақтың  7777  мақал-мәтелі. Алматы:Өлке 2010. -123 б.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *