Камерлинг Оннес Гейке

Камерлинг Оннес Гейке (1853 – 1926) – нидерланд физигі. 1906 ж. сұйық сутек шығарып алған. Алғашқы болып абсолюттік нөлге жуық температура шығарған. 1908 ж. алғаш рет сұйық гелий шығарған және оның тем- пературасын өлшеген. 1911 ж. гелийдің кризистік температурасын өлшеген (Тk=5,20 K, pk=2,26 ат). 1909 ж. 1,04 К температура шығарған. 1911 ж. сынаптың, қалайының, қорғасынның, талийдің асқын өткізгіштігін аш- қан. 1913 ж. күшті магнит өрісінің ықпалымен асқынөткізгіштіктің бұзылатынын анықтаған. 1924 ж. сақинада өшпейтін ток тудыру мүмкінді- гін ашқан, әлгі сақина екі әрқилы асқынөткізгіштерден құралған әрі бірбірімен жанасатын болды. Нобель сыйлығының иегері (1913 ж.).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *