
Зеебек Томас Иоганн (1770 – 1831) – неміс физигі. 1821 ж. термоэлектрді (мыс-висмут жұпты) терможұп жасап, оны температураны өлшеу үшін пайдаланған. Магнит өрісінің күш сызықтарының пішінін анықтау үшін ең алғаш рет темір ұнтақтарын пайдаланған. 1813 ж. турмалиннің полярландырғыштық қасиетін ашқан.