
Гольдштейн Эуген (1850 – 1930) – неміс физигі. 1880 ж. катод сәулесінің магнит өрісінде ауытқитынын байқаған. 1895 – 98 жылдары катод сәулесі түскен кейбір тұздардың жарқырайтынын анықтаған және катод сәулесіне толқындық қасиетті таңған. 1886 ж. арналық (каналдық) сәулені ашқан.