
АНТИПРОТОН (р, рത) – протонға қатысты антибөлшек болатын тұрақты қарапайым бөлшек. Антипротон мен протонның массалары мен спиндері тең. Олардың зарядтары мен магниттік моменттерінің абсолюттік шамалары да бірдей, бірақ таңбалары қарама-қарсы Бориондық саны В = –1. Антипротонды алғаш рет 1955 ж. протондық үдеткіште (ең жоғары энергиясы 6,3 ГэВ) американ физиктері: Оуэн Чемберлен (1920 – ?), Эмилио Сегре (1905 – 1989), К.Виганд және Т.Ипсилантистер ашқан. Бариондар санының сақталу заңы бойынша тек протонмен жұптасып пайда болады (немесе, егер электр зарядының сақталу заңы мүмкіндік берсе нейтронмен қосақтасып пайда болады). Протонмен аннигиляцияланған кезде (орташа есеппен) 4–5 π-мезон туады