Өтегеннің өкінуі

Өтегеннің өкінуі
өтеген батырдың жалғыз қызы Мақпал тұрмысқа шығар
алдында құда түскен жігіті қайтыс болып, қайнысы өсіпжетілгенше бірер жыл үйде отырып қалыпты. Сонан қайын жұрты келінді алып кетуге келгенде, ұзатылып бара жатқан қызын өтеген батыр шақырып алып:
—Балам, Құдай қалап, құтты орныңа қонбақсың, жа сауыңнан бөлек осы үйден не қалайсың, көңіліңе жаққаның ды ала ғой!—депті.
Сонымен Мақпал ұзатылып кеткен соң, бірнеше күннен кейін өтеген бәйбішесінен қызының не таңдағанын сұрапты. Бәйбішісі:
—Мақпалжан алтын-күміс, асыл тастарды, қымбат та бағалы заттарды емес, сенің ескі тақияңды ұнатты ғой,— дейді.
Сөйтсе, өтеген батырдың талай жорықтарға киген ескі тақиясы төрде ілулі тұрады екен. Мақпалдың көзі соған түсіп, ырым етіп алған екен. Мұны естіген өтеген батыр:
—Басымдағы бағым қызға ауды. Қыздарым алғыр, өжет, ұлдарым жуас болады-ау,—деп өкініпті.
20-139
осы сөздің жаны бар сияқты. «өтегеннің қыздары өжет, еті тірі, ұлдары момын болып келеді» деп отырады ауыл қариялары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *