
Өтегеннің айласы немесе қырық тазы туралы
өтеген батырдың қартайған шағы болса керек. Бір күні
аң аулауға шыққан ол қасындағы аз ғана адаммен Шу өзені нің саласындағы көкорай шалғынға келіп, тынығып отырады. осы арада серуен құрып, ерігіп жүрген қырғыздың бір топ тентектері кездесе кетеді. Қазақ пен қырғыз арасын да бір түсініспеушілік орын алған кез болуы керек, қазақтар ды көрген әрі олардың мінген тұлпарларына, қымбат ертұрманына қызыққан әлгі қырғыздар:
—Мынау қазақтың атақты батыры өтеген ғой. Біз бұ ларды алдаусыратып ауылға алып кетейік те, қазақтардан құнын сұратайық. Қазақтар ол үшін барын беруге әзір. Сөйтіп бір олжаға батайық,—дейді де, қаннан-қаперсіз отыр ған өтеген батырды жігіттерімен елдеріне алып кетеді.
Елдеріне апарған соң батырдың өзіне бөлек үй тігіп, қадірлеп күтеді, бірақ қайтармайды. Арада біраз күн өткен соң қазақтарға: «Батыр керек болса, құнына бір түйенің мойныны гауһар тастан тізілген моншақ салып әкеп, алып кетіңдер!»—деп адам жібереді.
Бір күні өтеген батыр қырғыздарға:
—Менің үлкен ұлым Қосағал келе жатыр, оның ашуы қатты. үйлеріңді биікке тігіп, малдарыңа ие болындар, ертең мына жердің бәрін су алады,—дейді. Қырғыздар сенбейді, батырдың айтқанына құлақ аспайды.
Ертесінде шынымен-ақ күн күркіреп, найзағай сатырлап, селдетіп жаңбыр құйып береді. Қырғыздардың отырған үйлерін, жерлерін тегіс су басып, естерінен танады. Құн сұрамақ тұрмақ, өз малдарына ие бола алмай қалады. Сөйт се, өтегеннің тұңғышы Қосағалдың қат ты ашуланғанда күнді күркіретіп, найзағай ойнататын, жаңбыр жаудыра тын қасиеті бар екен. Сонымен, Қоса ғалдың қолы қырғыздар дың бар малын айдап, өтеген батырды босатып әкетеді.
Есін жиған соң қырғыздар жағы:
—Бізден бір қателік өтті. өтеген батыр кешсін, Қосағал қалаған малын алып, қалғанын қайтарсын!—деп кешірім сұрап келіпті.
Сонда өтеген батыр:
—Жарайды, кешірдім. Бірақ қоятын бір шартым бар, соны орындасаңдар, малдарынды түгел қайтартам, орын дай алмасаңдар, маған өкпелемеңдер!—дейді.
өтеген оларға алдына қырық тазы салып айдатып, бір ба-
тырларын жіберу керектігін айтады. Қырғыздар келіседі.
Қырғыздар елдеріне барған соң, жан-жақтан тазы ит жинайды. Қырық тазы да табылады, оларды апаратын батыр да табылады. Бірақ әлгі батырлары қырық тазыны алдына салып айдай алмай мысы құриды. Себебі, ит адамның соңынан ілескенімен, еш уақытта алдыға салып айдауға көнбейді екен.
Сөйтіп, оңай олжаға батпақ болған қырғыздар малынан айырылып бір ұятқа қалса, сөзден жығылып, шартты орындай алмай екі ұятты болыпты.