
Әлмерек абыз (1658-1756)—қазақтың ұлы жүз үйсін тармағындағы албан тайпасынан шыққан батыр, абыз. Қа зіргі Алматы қаласындағы «Әлмерек тоған» (бұрынғы гага рин ауылы) деген жерде туылған.
Әлмерек абыз — қазақ-жоңғар соғысының басынан аяғына дейін қатысқан батыр. Соғыс ақырына қарай қар тая бастағанда әскерге сарбаз жаттықтырумен айналысады. Шәкірттерінен атақты райымбек батыр, өз немересі Саурық батыр шыққан. Сонымен қатар жаратлысынан бойына сіңген қасиетін пайдаланып әскерге емшілік жасау, халықтық емшілік, билік, имамдық, мұсылманша бала оқыту кәсіптерімен шұғылданған. Күші басым дұшпанды көз байлау арқылы жекпе-жекте сөзсіз жеңу әдісін қолдан ған және шәкірттеріне үйреткен. Бейбіт заманда билік айтып, ел басқарған. Қазақ балаларын мұсылманша оқытып, Жетісу жеріне ислам дінін таратуға еңбек сіңірген.