
Абдикахорова М.Д. –КарМТУ студенті (РЭТ-15-3 тобы)
Анисова М.Е. –КарМТУ студенті (РЭТ-15-3 тобы) Ғыл.жет. – ассистент Есенжолов У.С.
ҚАЗІРГІ ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ
КЕШЕНДІ ҚҰРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Заманауи оқыту әдістерін пайлалану студенттерге оқытылатын пәнді тезірек игеруге мүмкіндік береді. Бұл студенттердің ақпараттық технологиялар заманында туылып, өскенімен түсіндіріледі және ақпаратың жылдам қабылдануы әр түрлі электронды көздер арқылы жүзеге асырылады(теледидар, кoмпьютeр, плaншeттер, смaртфoндар, элeктрoнды оқулықтар және әр түрлі гaджeттер). Тиісінше, бұл пәндер студенттердің мамандық бойынша оқытылатын, компьютерлік технологияларға қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан, кешенді ақпараттандыру процесі сапалы жаңа нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігін жасай алады:
— оқытушылардың оқыту үрдісінде құралдар мен технологиялардың түбегейлі жаңаруы;
— дәстүрлі баспамен салыстырғанда, заманауи қуатты компьютерлерде ақпарат берудің жоғарғы деңгейлі мүмкіндігі;
— қауіпсіздік техникасына салыстырмалы түрде төмендетілген талаптар.
Жаңа электронды технологияларды оқу процесіне енгізу белгілі бір бағыттағы терең зерттеуді талап етеді.
Өндірістік жағдайда талдау жүргізу виртуалды кешенде алынған нәтижелермен салыстырғанда, одан көлемді нәтижелер береді, мысалы: құрылатын вмртуалды зертханалық кешенде фильтр арқылы өтетін сигналдарды зерттеу барысында кез келген жиіліктік және уақыттық аралықтарды енгізуге болады, нақты жағдайда бұл аралықтарды түрлендіру өте; виртуалды зертханалық кешеде көп элементті түрлі сызбалар алуға болады, нақты жағдайда бұл сызбаларды жинау өте көп уақыт пен еңбекті талап етеді.
Виртуалды зертханалық кешенді әзірлеу барысында есепке алынатын бірнеше анықтаушы факторлар бар. Мұндай факторларға жатады: даму үрдісі мен оқыту бір-бірімен тығыз байланыста; оқыту психологиялықпедогогикалық заңдылықтар мен принциптерге сәйкес орындалғанда дамуға жетеді.
Нәтижесінде оқушыларға білім беру процесінің барлық салаларында танымдық іс-әрекеттерді жандандыру үшін әр түрлі құралдар мен әдістерді пайдалану қажеттілігі туындайды, проблемалық жағдайларды топтау, логикалық және проблемалық сипаттағы тапсырмаларға ұсыныстар, танымдық міндеттерді қою, оқу-әдістемелік процесіне іздестіру және зерттеу қызметінің элементтерін қосу.
Виртуалды зертханалық кешен пайдаланушыға бір зерттеу кезеңінен басқасына еркін көшуге мүмкіндік алады, бір виртуалды зертханлық кешенінде зерттеу жүргізу үшін қажеттінің барлығы көрсетілген, әзірлену барысында бағдарламаның дұрыс жұмыс жасауы үшін барлық факторлар есепке алынған, нәтижесінде пайдаланушы виртуалды зертханалық кешенде теориямен танысуға, ВЗК жұмыс жасауды үйрететін бейнероликтерді қарауға мүмкіндік алады, сонымен қатар, зертханалық жұмыста нұсқа бойынша мәліметтерді көруге, пайдаланушыға ыңғайлы кез келген компьютерге осы бағдарламаның өзін орнатуға және оқытушы кез келген уақытта жаңарта алатын сұрақтармен берілген тест арқылы өз білімдерін тексеруге мүмкіндік алады.
Виртуалды зертханалық кешенге біріктірілген бағдарламалық құралдар, оқытушылар құрамына оқу-білім беру сапасына залал келтірмей, оқушыларды сабаққа жаппай тартуға мүмкіндік береді. Студенттерде өте қысқа мерзім ішінде қажетті білімдер мен оны пайдаланудағы және арнайы техниканы орнатудағы икемділік пйда болады, білім сапасы жақсарады, нақты техникалық құралдармен жұмыс істеу барысында сенімділік пайда
болады. Бірақ ВЗК жұмыс істеу кезінде аппараттық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптарды ұмытпаған жөн. ВЗК аппараттық қамтамасыздандыруына қойылатын жоғары талаптарды анықтайтын негізгі ерекшкліктеріне сәйкес және олармен пайдаланылатын жүйелік ресурстарға жатады: виртуалды ортады бір мезгілде жұмыс жасайтын тұтынушылардың көп мөлшері, талаптарға сәйкес жұмылдырылған бос жүйелік ресурстардың болу қажеттілігі.
Бағдарламалық қамтамасыздандыруды пайдалану ешқандай материалдық шығындарсыз ВЗК жетілдіруге және өзгертуге, сонымен қатар оны оқу үрдісінде қолданылатын басқа жүйелермен біріктіруге мүмкіндік жасайды. Осылайша, ресурстармен басқару икемділігі мүмкіндігі пайда болады және олардың пайдаланушылар сұранысы бойынша таралуы жүктемемен басқаруға және арнайы қосымшалар мен есептеулерді орындауға көмектеседі. Интернет – зертханалар ресурстарын қашықтан пайдалануға мүмкіндік беретін және қашықтықтан қол жеткізу режимінде зертхананың барлық бағдарламалық және аппараттық компоненттерімен басқаруға, қажетті жаңартуларды орындауға арналған бағдарланған тәсіл. [1].
Пайдаланылған әдебиет:
1. В.В. Исакова, Н.Н. Портнягин. Разработка методов построения виртуальных лабораторных комплексов. – Петропавловск-Камчатский: КамчатГТУ, 2012. – 6 с.