Иозеф Фраунгофер

  XIX ғ. ғалым – оптиктардың есебінде И. Фраунгофердің атын еске түсірмеу мүмкін емес. Ол барварлық кедей әйнекшінің ұлы болған және еңбек өмірін бала шақтан бастаған. 14 жасына дейін Фраунгофер мүлдем сауатсыз болған. 12 жасында тақыр жетім болады, және де ол осы кезде апатқа ұшырайды. Үй қираған кезде бүкіл тұрғындары қайтыс болады, ал кішкентай Иозеф ауыр жарақатталады. Апаттың куәгері болған банкир Утцшнейдер ұлға көмек береді және ол соңында білікті шебер оптик болып шығады. 1806 ж. ол Утцшнейдер басқаратын оптика-механикалық институтқа келеді.
Шеберлік пен дарыны Фраунгоферді жылдам қызметтік көтерілу мен бизнестік жетістіктерге әкелді.

1811 ж. ол барварлық оптикалық өнеркәсіптің бастығы болады. Ал олар құрған «Утцшнейдер мен Фраунгофер» фирмасы әлемде ең танымал жақсы оптикалық құралдар шығаратын болды. Осылай, ол сауатсыз жетімнен профессор, академик және әлемдік атақтағы фирма билеушісі болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *