Инфляция жағдайындағы баға белгілеу
1)Қазақстандағы баға саясатының дамуы
2)Қазақстанда монополистердің баға белгілеуі
1) Көптеген сөздіктерде баға – тауар өлшемінің ақшалай түріндегі құны деп түсіндіріледі. Баға- ақша соммасы.Осы үшін сатып алушы тауарларды сатып алуға, ал өндіруші сатуға дайын деген ұғымды білдіреді. Нарықтық қатынастар жағдайында бағаның ролі кез – келген коммерциялық ұйымдар үшін кенет артады.Мұндай жағдай көптеген себептерге себепші болады.Бағаның деңгейіне тәуелді болатындар:
1.Коммерциялық ұйымдардың пайда мөлшері
2.Ұйымдардың бәсеке жарамдылығы, оның өнімдері
3.Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы
Баға өзінің макро – микро экономикалық мағынасында обьекті фактормен өндірістің белгілі бір шарттарымен нарықта тауарларды өткізу жағдайымен анықталады және мемлекеттің экономикалық саясатын белгілейді.Баға белгілеудің маңызды қызметі барлық шығаратын шығындарды жоба отырып пайда табу.
Баға нарық реттеушісі. Ол тауардың нақты түрлерін өндіруге мүмкіндік береді немесе тежейді, сұранысты шектейді немесе ұлғайтады. Ол тауардың нақты түрлерін өндіруге мүмкіндік береді немесе тежейді, сұранысты шектейді немесе ұлғайтады. Осылайша белгілі бір өнімнің өндіруі немесе тұтынуына тікелей немесе жанама әсер етеді.
Баға шығындарды талап етпейтін ерекше күш жігерсіз ақ кіріс әкелетін маркетингтік ең икемді элемент болып табылады. Өндірістің бәсекеге қабілеттілігі, сату көлемі, рентабельділік тағы басқа экономикалық көрсеткіштер бойынша дұрыс шешім қабылдауға байланысты. Өткізу бағасын белгілеу және өзгерту кәсіпорынның баға саясатын зерттей отырып жасайтын маркетингтік бөлімдердің маңызды міндеті.
Нарықтық экономикада тауарларда бағалар үнемі ауытқып отырады. Тауардың нақтылы түрлері және нақтылы кезеңдері үшін бағаны өзерту бағыты әртүрлі болуы мүмкін. Сонымен Қазақстан экономикасының жалпы дамуына және шаруашылық жүргізушінің әрбір субъектісінде баға ерекше рол атқарады. Осыдан барып баға құрылымы жөніндегі саясатының мәндері туындайды. Кәсіпорын шығаратын өнімнің бағасы оны анықтайтын пайдасының маңызды факторы ғана емес, сонымен қатар тауарды ойдағыдай өткізудің жағдайына байланысты. Баға бұл жағдайда тәжірибелік құрал ретінде кәсіпорынға бірқатар артқышылықтар әкеледі. Олар
біріншіден, сұранысты ынталандырудағы көптеген әдістерден өзгешелігі бағаны пайдалануда қосымша қаражаттарды қажет етпейді, жарнама шараларын жүргізуде орын алатын өндірісті дағдыландыру, жылжыту және тағы басқа қызметтерін атқарады.
екіншіден, тұтынушылар белгілеген бағаны жарнама ретінде қарағанда оңай өнімді дараландыру сияқты өздеріне тауардың тартымдылығын табады.
үшіншіден, соңында басқада ынталандыру әдісі атап айтқандай дербес сату және жарнаманы ұйымдастыру ең бастысы болып табылады. Баға оларды қолдауда ең қуатты құрал болып табылады. Бағаның тұтынуға ықпалы қандай болмақ?Ол деңгейге сай өзінің белгілерін табады.
Белгіленетін бағаның деңгейі сатып алушының артықшылығына оларды сол немесе басқада өнімді сатудан алатын болжамды пайданы көрсетеді. Егер де баға тауарларға тым жоғары белгіленсе, онда мұндай тауарлар сатып алынбайды. Ал сатып алынған күнде ол аз мөлшерде өтеді. Тәжірибеде баға стратегиясының тұтас бөлігі болады.
Әуелі өндіріс шығындарынан әлдеқайда жоғары сатады, ал содан соң бағаны төмендетеді.Төменгі баға стратегиясы.Бұл сұранысты ынталандыру мақсатында жасалады. Өткізудің көп мөлшерінің нарықтағы тиімділігі және сұраныстың жоғары икемділігін сатып алушыларға бағаның төмендеуін қашан шұғыл сезінеді және сұраныста сол уақытта көбейеді. Кәсіпорын жаппай өндірудегі есебінен бағаның төмен деңгейін ұстап тұрады.
Сараланған баға стратегиясы.Бағаны белгілеуде түрлі нарықтар олардың саралымдары және сатып алушылар үшін шегерімдермен үстемелерді бағаның орташа деңгейіне ұштастыруды көресетеді Жеңілдікті баға стратегиясы.Сатып алушылармен жұмыс істеуге бағытталады. Мұнда оларға тауарды жеңілдетілген баға ретінде ұсынуға болады.Икемді, икемділік баға стратегиясы.Баға сатып алушының мүкіншілігіне олардың сатып алу күштеріне байланысты белгіленеді. Тұрақты стандартты өзгермес стратегисыЖинақталмаған стратегиясы.Жаппай сатып алу стратегиясы.Баға деңгейінің тауар сапасына тығыз үйлестіру стратегиясы.
Нарықтық экономика жағдайындағы экономикалық субъектінің баға қоюы көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты. Отандық кәсіпорынның көпшілігінде бағаның маркетингтік саясатымен маркетингтік бөлімдерінің менеджерлері айналысады. Кез-келген ашық акционерлік қоғамда баға саясатын марктингті басқару бөлімінің мамандары іске асырады. Бұл жалпы алғанда бағаның дұрыс шешім қабылдауына әсер етеді. Көптеген кәсіпорында баға саясатымен экономика немесе басқа бөлімдерінің қызметкерлері айналысатындықтан тұтынушымен байланыс жасалмайды. Бұл баға бойынша әрқашан дұрыс шешім қабылдауға келе бермейді. Жоғары бағалар тауар өткізуді тежейді. Ал төмен бағалар бәсекелестердің назарын аудартады, сондықтан нарықтық жағдайды үнемі талдап отыру керек. Нарық жағдайында баға өзін құрастыратын факторларының тығыз байланысының нәтижесі болып табылады бұл фактор есепке алынбайынша бағалар деңгейін анықтау мүмкін емес. Бағаға әсер ететін негізгі факторлар: өндіріс шығындары, көбіне мемлекеттің экономикалық жағдайын және орташа салалық өзіндік құнды бейнелейтін өндірістің қоғамдық шығындарына байланысты.
2)Бағаның негізгі элементі өзіндік құн, ал оның құрылымының маңызды бөлігін материалды шығындар құрайды.
Нарықтық экономика жағдайында сұраныс нарық экономикасының өзгеруіне әсер ететін негізгі фактор. Баға мен нарықтық сұраныс арасында тығыз тәуелділік бар. Ол бір-бірі мен кері пропорционал байланыста болады.Тұрғындардың сатып алу қабілеттілігі олардың ақшалай табысына байланысты Ақша өрісінің жағдайы. Бұған кіретіндер: ақша көлемі, инфляция деңгейі, оның серпіні, ұлттық ақша бірліктерінің және валюталық бағамдарының қозғалысы және т.б.жатады.Бәсеке. Ол бағалық және бағасыз болады.
Бағалық бәсеке- тауардың бағасын өзгерту арқылы бәсекелік күрес жүргізеді.
Бағасыз бәсеке – тауар сапасын оның ерекше қасиеттерін, қауіпсіздігін, қызметін, әсемділігімен және дизайны тағы басқа сиапттарын жақстарту арқылы жүргізеді.
Бағаларды мемлекеттік реттеу. Бұл реттеу тікелей (табиғи монополия бағасын реттеу және келісімді бағалар белгілеу) және жанама түрде жүргізіледі.Табиғи монополияға:
-құбыр арқылы газ және мұнай тасмалдайтын;
-газ өндейтін;
-көмір өндіретін;
-теміржол және байланыс;
-электр қуаты;
— су шаруашылығы жүйелері;
-коммуналды шаруашылық саласында қызмет ететін кәсіпорындар;
Қазақстанда оларға ҚАЗ ТРАНСГАЗ, Қазақстан Теміржолы, ҚазақТелеком, Водаканал, Әуежай, т.б жатады.
Табиғи монополия бағаларын қалыптастырған кезде монополияға қарсы органдар өнімнің бірлігін шығаруға кететін шикізаттардың материалдарының және энергия шығындарының бекітілген мөлшерінің бар жоғы олардың дұрыс қодлдануын,пайданың және бөліну тәртібін тексереді.
Жанама реттеуге: салық сомасын міндетті төлемдер және айыппұлдар мөлшерін белгілеу, мемлекеттік бағаны белгілеу бір элементерге әсер етеуі сонымен қатар ақша- несие саясатын реттеуі жатады. Тауар сапасы. Жоғары сапа — жоғары баға.Тасымалдау. Ол негізі жоғары болса, тауардың әр данасына кететін шығындар соғұрлым аз болғаны. Бағаны төмендетуге мүмкіндік береді.Сатушы мен стапы алушы арасындағы қарым-қатынас.
Жеткізу шарттары. Транзиттік жеткізу кезінде тауарларды жабдықтаушыдан тұтынушыға тікелей жеткізеді. Әрбір делдал тауар өндірушінің әрбір бағасына өзінің шығындарын қосады, Осылайша тауар бағасының елеулі түрде өсуіне әсер етеді. Барлық факторларды бағалау тауардың түпкілікті бағасымен оның түрін анықтайды.
Баға саясатын дұрыс таңдау өзінше қарапайым жұмыс емес. Ең алдымен оны және басқада баға саясатын өндіріске енгізу үшін бағаның қазіргі жағдайындағы деңгейін күнделікті қадағалау қажет.
Баға – бұл экономикалық түсінік. Оның маңыздылығын түсіндіруді де, дәлелдеуді де қажет етпейді. Адам сатып алуға жас кезінен қатысады және тұрмыстық деңгейде бағаның өмірде қандай рөлі бар екеніні түсінеді. Жоғары баға – заттың қымбаттылығын және оған үлкен қаражат керектігін түсіндіреді. Ал төмен баға керісінше, заттың арзандығын көрсетеді. Баға, яғни бағалар жиынтығы тек жеке емес қоғамдық категория болып табылады. Олар тек жеке сатулар мен сатып алулардың ғана емес сонымен бірге толықтай экономикалық процесстерді оның ішінде өндіріс тауарды бөлу, игіліктерді алмастыру және тұтыну қызмет көрсетуді қалыптастырып отырады. Мұндағы барлық бағалар бірдей бағалық механизмді, құралыд монополиялық нарықта бағаның қалай қалыптасатынын қарастырайық. Сұраныс қисығына сәйкес келеді, ал ұсыныс қисығы ұсыныс заңының емес нарықтық монополистке тәуелді болады. Монополист берген сұраныс арқылы тауар сатудан пайда түсіреді. және осыны негізге ала отырып, ұсынысты қалыптастырады. Шығару көлемін және тауар сатуды қатаң бекіте отырып монополсит тауар бағаларын өзі бекітеді. Өйткені ол өзінің шығаруы мен сұраныс көлемін алдын-ала болжайды және сол мөлшерде тұтынушыны қағаттандырады.
Жетілген бәсекенің барлық даулы жақтарымен қатар оның елеулі кемшіліктері бар. Нарықтың процесстің дайындықсыз жүруі шаруашылық секторларының кейбір салаларының монополиялануына әкеліп соқтырады. Жетілген бәсеке жетілмеген бәсекеге айналады. Монополия бағаға деген белгілі бір билікті білдіреді ал, әртүрлі алғышарттарға негізделуі мүмкін басым бөлігін басып алу (капиталмен өндірістің шоғырлануы мен орталықтандыруы) нарықты және баға деңгейін бөлу жасанды тапшылықтар жасау тағы басқа құпия және ашық келісімдер жасау.
АҚШ-тың монополияға қарсы заңдары бойынша жетілдірілген деп есептелінеді. Оның бұрынан келе жатқан тарихы бар. Ол үш негізгі заңдар актілеріне бағындырылған:
Шерман заңы (1890 жыл.) – бұл заң сауданы құпия монополияландыруға бір салады жалғыз үстемдік етуге баға жөнінде келісімге келуге тиым салады.
Клейтон заңы (1914 ж.) — өткізу саласындағы шектеу іс-әректіне баға алалаушылығына барлық жағдайда емес тек күнделікті бәсекенің ерекшелігіне байланысты бірігудің кейбір түрлеріне тиым салынады.
Робинсон Пэтман заңы (1936 ж.) – «баға алалаушылығы», «баға қайшысы» тағы басқа сауда сал
1950 жылы Клейтон аңына Сэллер Кефобер түзету іқабылданды. Заңсыз бірігу ұғымы пысықталды. Активтерді сатып алу арқылы бірігуге тиым салынады.
Егер Клейтон заңы ірі фирмалдың көлбеу бірігуне кедергі қойылса, Сэллер Кефобер тікелей бірігуді шектеді.
Тресттерге қарсы заңдарды жүзеге асырушы ұйымдардың алдында тұрған аса қиын міндетмынаған саяды: монополиялық факті неден тұрады?
Бұл мәселені мемлекет тұрақты шешіп отыру және қандай баға деңгейін есептеуге болады.
Демпинг бағаларын жоғары тиімділік жағдайында қалыптасқан төмен бағаларға қарай асыруға болады. Жалпы төтенше бағалармен стауға тиым сала отырып, тресттерге қарсы заңдар кімді қорғайды? Бәсекені ме, әлде бәсекелестер тобын ба?
Мұның бәрі жай академиялқы сұрақтар емес, теориялық сұрақтар. Мысалы: Робинсон Пэтман заңы баға алалаушылығына тиым салады, сатып алушының белгілі бір тобына бағаны төмендететін ірі бөлшек сауда дүкендері мен супермаркеттеріне. Бірақ майда сауда фирмалырна қарсы мұны істей алмайды. Сонда бұл заң кімге қарсы бағытталған және кімнің мүддесін қорғайды. Пол Самуэлсонның пікірінше, бұл заң бәсекені шешуге көмектесті.
Тұтынушылардың пайдасына бағаны төмендетудің орнына ол тиімділіг төмн көптеген кәсіпорындарды сақтауға бағытталған. Тресттерге қарсы заңдар өз тьауарын ірі кәсіпорынға қарағанда жоғары бағамен сататын майда фирмаларды қорғағанна не ұтты? Өйткені тұтынушылар супермаркеттерге баға алалаушылығына тиым салғанна кейін жоғары баға төлеуге мәжбүр болады.
Монополияға қарсы заңды заңдарды жүзеге асырушы мемелекеттік қызметтер 2 принципті басшылыққа алады:
Заңды қатаң сақтап отыру
Парасаттылық ұстану
Өйткені көп жағдайда тресттерге қарсы заңдардың ресми жалпы түрде жазылғаны сонша, АҚШ федералдық соты осы заңның қолдану салалран іс іс істемекші болған қандай да болсын келісімге келуші 2 жақты жатқыза алады. Сондықтан парасаттылық принципі бойынша тек жөнсіз ақылға сыймайтын сауданы шектеулер ғана Шерман заңдарының қолдану саласына жатады. Бірақ ақылға сыймсыз шектеулер деп нені есептеуге болады. Бұл мәселелердің барлығы тресттерге қарсы заңдарды жүзеге асырудың қандай қиын екенін көрсетеді.
Мемлекет қиратушы монполизм қауіптілігімен бәсекені шектеу қаупінің (мемлекеттің қандай да болсын араласуы тіпті бәсекені қолдану мақсатымен әрбір бәсекелік мүмкіндігінің шектеуге әкеліп соғады) арасындағы жіңішке соқпақ жолда өзін тең ұстауға тиісті. Монполияға қарсы істер өндірушінің (тұтынушының) бір тобына басқа топтардың есебінен барынша жеңілдік жасаудың орнына бәсекені қолдауы керек.