ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мухаметжанова А.С. — ҚарМТУ студенті (ПО-14-1 тобы)
Ғыл.жетек. — х.ғ.к., доц. Нұрмағанбетова М.С.

ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады. Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі білікті мамандармен қамтамасыз ету — бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі.
Еліміздің тұңғыш президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында: «Дуальды кәсіптік білім беруді дамытудың маңызы зор. Бұқаралық маман кадрларының жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін заманауи қолданбалы біліктілік орталықтары қажет», — деп, бұл оқыту жүйесінің техникалық салада алар орнынын айқындап берген болатын. Сондай-ақ, колледждерде дуальды оқыту әдісін енгізу туралы нақты тапсырма да жүктеген. Осыған байланысты елімізде кәсіптіктехникалық білім беру саласында жаңа жүйе жасалына бастады [1].
Дуальды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты — техникалық — кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке шаруашылық мекемелерімен серіктес ретінде бірлесе отырып, осы нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа заманауи технологияларды, жаңа иновациялық технологиялық бағдарламаларды меңгере алатын дайын жұмысшы мамандарды даярлау.
Дуальды жүйе бойынша теориялық оқытудан гөрі тәжірибеге басымдық беріледі, яғни болашақ маманның өз кәсібін жетік меңгеруіне және де жас мамандардың жұмысқа қиындықсыз орналасуына толық мүмкіндігі пайда болып, өндіріс орындары техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерімен біріге отырып, өздерінің талаптары бойынша білім алып шыққан дайын кадрларды бірден жұмысқа алатын болады [2].
Осыған байланысты дуальды оқыту барысында оқу орны басшылары мен кәсіпорын басшылары және білім алушы мен кәсіпорын басшылары арасында әлеуметтік серіктестіктің болуының рөлі арта түседі, себебі кәсіпорындардың оқу процесіне қатысуы кәсіби дайындықтың деңгейін арттырып, оның еңбек нарығы сұраныстарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Дуальды оқытудың негізгі ерекшеліктері ең алдымен, жас мамандардың жұмысқа орналасуының жоғары пайызын қамтамасыз ететінін жатқызуға болады. Өйткені олар жұмыс берушінің талаптарына толығымен сәйкес келеді.
Сонымен қатар, дуальды білім беру процесі, ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, студенттің шығармашылық іскерлік сапаларын, коммуникативтілігін, әлеуметтенуге бейімділігін, рухани-адамгершілік, мәдениетін қалыптастырады және болашақ мамандардың функционалдық сауаттылығы немесе құзыреттілігі қалыптасады.
Дуалды оқыту жүйесі білім берудің негізгі мәселесін — еңбекке орналасуды шешуге мүмкіндік беретіні және кәсіпорын мен университетте оқу арқылы қажетті біліктілікке қол жеткізуі.
Дуальды техникалық кәсіби білім беру Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамы екенін Елбасы кезекті Жолдауында тағы бір айқындап берді.
ҚР Президенті барлық отандық компанияларды дуальды білім беру жүйесіне атсалысуға шақырды. «Бүгінде бұл жүйе 60 елде жұмыс істеуде. Мен барлық қазақстандық компанияларды осы жүйемен шұғыл айналысуды, ал Үкіметке оны қадағалауды тапсырамын», — деген еді Елбасы [3].
Әлемдік тәжірибеге қарағанда, білім берудің дуальды жүйесі мамандардың кәсіби дайындығын жоғарылатуға ықпал етеді. Еңбек өнімділігі артады, халықтың көшіп — қонуы азаяды, әлеуметтік шиеленіске жол берілмейді.
Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуальды жүйесі — кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Оның ерекшелігі — кәсіптік оқыту үдерісінің басым бөлігі оқу орнында емес, кәсіпорындарда өтеді. Бұл жүйе Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, Швеция сияқты дамыған елдерде табысты жұмыс істеуде. Іс жүзінде, дуальды оқыту үлгісі — бизнестің, болашақ маман мен мемлекеттің мүдделерінің бірлестігі.
Теория мен практиканы біріктірген бұл жүйе бойынша болашақ жұмысшылар оқу уақытының 70-80%-ын өндірісте, қалған 20-30%-ын оқу мекемесінде өткізеді. Яғни, білім мен шеберлікке бірдей баулынады [4].
Қорыта айтқанда, дуальды оқыту жүйесінің ерекшелігі — теориямен қоса практиканы үйлестіре білуі. Түлектер теориялық жағынан емес, практикалық жағынан да сауатты болмақ. Бәсекеге қабілетті маман — табысты қызметкер, сапалы жұмыс орындаушысы деп түсінемін. Өз кезегінде жақсы жұмыс, тұлғаның жеке дамуынан басқа тұтас елдің қалыпты даму көрсеткіші болып табылады. Біздей жас мемлекет үшін қарқынды даму — жарқын болашақ пен үлкен жетістіктерге бастар жол. Әр азамат мемлекет кірпіші болса, сол кірпіштің беріктігі мен ел қабырғасының биіктігі адамның білімділік сапасына байланысты болмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *