
Баға экономикалық категория ретінде және оның функциялары,факторлары.
1. Баға қызметі жүйесі
2. Баға экономикалық құрал ретінде
1)Баға- бұл ақша сомасы. Осы үшін тауарды алушы сатып алуға ал өндіруші сатуға дайын деген ұғымды білдіреді. Нарықтық қатынастар жағдайында бағаның рөлі кез-келген коммерциялық ұйымдар үшін кенет артады. Мұндай жағдай көптеген себептерге себепші болады. Баға деңгейіне тәуелді болтындар:
— коммерциялық ұйымның пайда мөлшері
— ұйымның бәсекеге жарамдылығы және оның өнімдері
— кәсіпорынның қаржы жарамдылығы және оның өнімдер.
Сауда экономикалық кәсіпорындар баға негізінен 5 қызмет атқарады;
1)Есеп қисап қызметі- бұл өнім өндіргенде қоғамдық қажетті еңбек шығыны процесінің өзгеруінде байқалады және әртүрлі өнімді өндіру қалай немен жүзеге асқанын көрсетеді.
2)Ынталандыру қызметі- бұл кезде баға өндіріс тиімділігіне әсер етіп, өнімді жаңғыртуға ,жаңа технологияны қолдануға, өнім сапасын артыруға күш салады.
3)бөлу мен реттеу қызметі- бұл нарық жағдайында бағаның бөлу қызметі сұраным мен ұсынымды реттеу және тұтыну мәртебесінің өзгеруікезінде байқалады. Баға түскен кезде тұтынушы көп сатып алады.Мейлі тамақ болсын, киім болсын , кейде қымбаттау өнімдерді де ала салады.Әрине бұл процесс кері де болуы мүмкін.Бағаның араласуымен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу, ұдайы және материалдық, ұлғаймалы, материалдық емес өндіріс саласын қаржыландыру жүзеге асырылады.
4)Тұтыну бұл нарықтық тепе-теңдік сақтағанда тұтыну мен өндірісті теңгергенде байқалады. Сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдікті бұзғаны жайлы баға белгі береді және оны жөндеу үшін шара қолдануды талап етеді.
5) Ақпараттық — тұтынушыға сатытушылар тарапынан тауар ұсынымы туралы белгі береді және олар өз өкілі үшінқанша алғысы келетіндігін баяндайды.
2) Баға және құн нарықтық экономикада әлемнің кілті болып табылады.1-ші кезекте өндіріске тауар өткізуге құн қалыптасуына, құрылуына, үлестірілуіне, пайдаланылуына және ұлттық пайдаға жатады.Бағаның 2 теориясы бар.Ойшылдардың пікірінше 1-ші теория құнын көрсетеді, ал 2-ші теория тауар бағасын көрсетеді.Осыдан баға бұл тауардың құн көлемінің ақшаға шағылуы, баға тәуелді құн деңгейінен және тауардың ұсынысы мен сұранысының арасын көрсетеді.Бағадан баға белгілеу тауарды және қызмет көрсетудің бағасының % көрсетеді. Баға мен құн ұқсас ұғымдар алайда бір келкі пара-пар деп түсінуге болмайды.Құн тауар өндірісінің шығындарын көрсетеді ал жекелеген тауардың бағасы нарықта байқалады және ол құннан әбден ауытқуы мүмкін, себебі оған сұраным мен ұсыным, пайдалылық, инфлиция және т.б. формалары ықпал жасайды.Нарық субъект арасында қатынасы құн механизмі тауар ақша қатынасы, сұраныс, ұсыныс және тауар айналымы заттың пайдалылығыоның адамды қанағаттандыру қасиеті тұтыну құны деп аталады.Тұтыну құнына ие болған тауар құнға да ие бола алады.құн тауарға сіңген қоғамдық еңбек пен айырбас арқылы байқалады