
Тынықбай Ж. – ТарМУ студенті (ПСХ-2013-3 тобы)
Бостан М. ТарМУ студенті (ПСХ-2016-3 тобы) Ғылыми жетекшісі — магистр, аға оқытушы Үсенова С.М.
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТАРЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ САНА-СЕЗІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі кезеңдегі мінез – құлқы ауытқушылғы бар балалар мәселесі кең шеңберде зерттеушілердің, яғни психолог, педагог, социолог және дәрігерлердің назарын аудартуда. Сонымен қатар, мұғалімдердің, тәрбиешілердің және ата-аналардың негізгі көкейтестік мәселесінің бірі болып саналады.
Өйткені қандай болмасын ата-ана, өзінің баласының парасатты, білікті, мәдениетті, білімді және дүниетанымы жоғары болып еліміздің мәртебелі азаматы болуын қалайды. Өкінішке орай, бүгінгі қоғамның әлеуметтік-экономикалық өзгерістеріне байланысты бұл мәселе, яғни жеткіншектердің мінез-құлықтары қалыпты дамып ізгі жолда жүруі күмәндатады.
Негізінде мінез – бұл адамның әлеуметтік мінез – құлқының ерекшелігі. Ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын бейнелейді. Және жүктелген іске адамдарға қарым – қатынасынан көрініп отырады. Күнбе — күнгі тіршілікте адам әдетте менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ, табанды, ержүрек не байбалаңшыл болып сипатталады.
Бала мінезінің қалыптасуына отбасы мен мектеп өмірінің моральдық — психикалық жағдайы үлкен әсер етеді. Жолдастық өзара
жәрдем, ынтымақшылдық, өріс алған қоғамда кеңес адамдарының бойында ұжымдық, сергектік, ілтипаттылық мақсаттылық және табандылық сияқты тамаша қасиеттер қалыптасып отырады.
Қазіргі кезде, әсіресе ауытқушы болған балалардың мінез – құлықтарында балалардың тұлғасы, яғни эмоциялық аймақтары, өзін өзі бағалау, қарым –қатынас деңгейі жөніндегі мәселе кең шеңберде зерттеушілердің назарын аудартуда. Өйткені, бала есейген сайын қоршаған ортаның пікіріне емес, өзінің пікіріне құлақ салады. Оқушы мен мұғалімдердің, оқушы мен ата – аналардың, жолдастарының арасындағы қарым – қатынастарды қалыпқа келтіру үшін маңызды.
Қарым – қатынас әр түрлі жағдайларда байқалады. Мінез – құлқы бұзылған балалардың қарым – қатынасы бірден байқалады.
Қарым – қатынас адамның бір – біріне байланысы. Соның ішінде бала қарым – қатынасын қоршаған ортамен байланыста болады. Баланың қарым – қатынас өзінің отбасысы, жанындағы құрбы – құрдастары.
Қарым – қатынас арқылы баланың мінез – құлқындағы ауытқуларды дамытуға болады.
Мысалы мінез-құлқы ауытқушы болған баланың 1-ші күні сабаққа келгенде қарым – қатынасын байқауға болады.
Отбасыда қарым – қатынас төмен бала сабаққа келгенде анасын сыртқа шығып отыруын талап етеді.
Сөйлескен де анасы ұрсатынын, үйде көбінесе айқай – шу болатынын, өзінің шамасы келетін істерді істей алмаса ұратынын айтады.
Топ ішінде құрбыларымен қарым – қатынасқа келмей сыртта отырған бала үйде тек жалғыз, мінезі тұйық, әке – шешесімен ғана байланыста болатын бала ешкімге қосылмай топ – ішінде қарым – қатынасты үзеді.
Затын, ойыншығын басқа бала алса ұрып, соғады. Көңіл – күйі түсіп, ешнәрсеге қызықпайды. Бір сөзбен айтқанда мінез – құлқы бұзылған бала мүлдем қарым – қатынасты бұзып, тек жалғыздыққа бас тартады.
Осындай мінез – құлық ауытқыған баланың қарым – қатынасқа тартып, толық топқа кіргізу үшін коррекциялық және практикалық психологтың рөлі жоғары.
Қарым – қатынасты қалыпқа келтіру үшін баламен тілдік қарым – қатынас, тренинг, тест, сюжеттік ойындар арқылы, ойынтерапия, ертегі терапия арқылы қарым – қатынасты қалыпқа келтіруге болады.
Мысалы: Мейірбекова Айдана 5 жаста. Қарым – қатынас төмен, жалғыздықты жақсы көреді, балалармен қарым – қатынаста балаларды ұрады, қызғанады, сөйлемейді, тек анасымен ғана қарым – қатынаста. Қарым – қатынастың төмендеуі соншалықты адам бетіне тік қарамай, айғайлай береді.
Осы қызбен дефектолог – психолог түзету жұмыстарын жүргізіп, жақсы нәтижелер алдық. Түзету жұмыс кезінде қыз баланы анасынан бөлектеп, тек педагогтармен ғана отырғыздық. Бірінші күні ойынға алданды, екінші күні өлең, тақпақтарға алданды, үшінші күні қыз бала топ ішіне қостық. Нәтижесі қыз бала қызығушылығы оянып, тек анасымен ғана емес балалармен, педагогтармен қарым – қатынасқа түсіп, өз еркімен сабаққа келе бастады. Көңіл – күйі көтеріліп ойындарға қосылды.
Н.М. Иовчук пен А.А. Северныйдың пайымдауынша шағын орта баланың айналасындағыларымен тез араласып кетуіне жан-жақты мүмкіндік бермейді. Кей жағдайда мектептегі өтілетін бағдарламалар да баланың қабілетіне сай болмай қиындықтар туғызады да, тәртібінің өзгеруіне де ықпал етеді. Мектепке бейімделу кезеңінде яғни екінші ортаға үйренуді баланың жеке басында өзгерістер орын алады.