СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
ӘДІСТЕРІ

Бастасова М.М. –магистрант ҚазИГЗУ
Ғылыми жетекші – п.ғ.к. Кумаржанова К.Ш.


СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
ӘДІСТЕРІ

Қазіргі таңда студенттердің әртүрлі эмоциялық ерекшеліктерін зерттеу өзекті мәселе болып отыр. Өйткені, эмоционалды сфераның дамуы студент тұлғасының толыққанды қалыптасуына зор ықпал етуде. Дегенмен, оқу қызметімен студенттердің тұлғалық дамуына және оқу әрекетіне эмоционалды күйдің ықпалын зерттеу жеткіліксіз күйде қалып отырғандығына зерттеу барысында көз жеткіздік.
Зерттеу мәселелеріне байланысты әдебиеттерге жасалған талдаулар жоғары оқу орнында эмоционалды сфераны зерттеу арқылы эмоционалды тұрақтылықты қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілерін жасаудың алғы шарттарын жасау қажеттілігін көрсетіп берді. Зерттеу бағыттарының бірі — кәсіби маңызды, эмоционалды сапаларды зерттеу, яғни кәсіби қызметті жүзеге асыру тиімділігінің алғы шартын айқындау. Эмоционалды сапалар адамның кәсіби қызмет сферасын таңдауда және оның жеке стилін қалыптастыруға қатысып, адамның жалпы өмірлік әрекетінің сапасын бейнелейді.
Студенттердің әртүрлі эмоциялық ерекшеліктері, эмоционалды дамуы студент тұлғасын толыққанды қалыптастыруға өзіндік үлкен үлесін қосады. Эмоционалды сфера өте күрделі мәселе болғандықтан, ол терең де арнайы кешенді зерттеуді талап етеді. Психологиялық тұрақтылық дегеніміз-адам мен сыртқы дүние арасындағы тепе-теңдік жағдайы, оның әлеуметтік ортаға, физикалық, биологиялық және психикалық ықпалдарға қатысты реакциясының сай болуы, жүйкелік реакция күші мен сыртқы тітіркендіргіштер арасындағы сәйкестігі, адам мен оның айналасындағылар арасындағы үйлесімділік, адамның шынайы объективтілік жайлы пікірінің басқа адамдардың пікірлерімен ұштасуы, өмірдің кез-келген жағдайына сын көзбен қарауы.
Тұлғалық қобалжу қорқыныш, үреймен де байланысты. Осының негізінде туатын ұялшақтықтың нақты анықтамасы жоқ. Себебі, оны адамдар өз тілінде әр түрлі түсінеді. Ұялшақтық — бұл тұтас күрделі жағдай, ол әр түрлі формаларда көрінеді. Бұл жеңіл дискомфорт, түсіндіруге келмейтін қорқыныш, тіпті терең невроз. Эмоциялық ахуалдың біріне агрессия жатады. Агрессивтіліктің психологиялық тетіктерін зерттеудің негізін қалаған З. Фрейд агрессивтілікті адамзат табиғатының бөлінбес бөлшегі деп атап көрсетті. [1] Жинақталған агрессивті энергия агрессиялық жану арқылы бәсеңдеп отыруы керек деген психоаналитикалық талдау жасайды.
Эмоциялық ахуалдарды реттеу психологиядағы өзекті мәселенің бірі. Эмоциялық ахуалды зерттеуде Ф.Б.Березин тұжырымдары белгілі, яғни бейімделу ағымы адамның психикалық аймағының деңгейінде көрінеді. [2] Эмоционалдық процесте студенттің бастапқыда міндеттері мәлімделеді, өзіне, басқаларға қатынасы көрінеді, ол айналасында болып жатқандарды біледі және бәріне өз көзқарасын танытады. Эмоционалдық процестердің (ішкі және сыртқы) теріс әсері яғни, эмоционалдық тұрақтылық студенттің қиын жағдайлардағы қызметінің тиімділігі болып табылады. Студенттердің эмоциялық саласының компоненттерінің кең спектрін зерттеу және басқа да нәтижелері үшін жауапкершілік, маңызды болып табылады. Студенттің белсенділігі эмоционалдық стресс жоққа шығарылмайтын-қиын жағдайлардағы шиеленіс. Ол қалыпты емес жағдайда (емтихан) бағаланады жауапкершіліктің: артуы, үлкен психикалық стресс, шаршау. Мысалы, емтихандармен байланысты эмоционалдық қалыпты зерттеу билетпен танысқан кезде оның қарқындылығының өсіп, содан кейін шарықтау шегіне жетіп, азаяды деп көрсетеді. Жарқын эмоционалдық реакциялар жауап қарсаңында әдетте, басым зияткерлік шиеленіс болмайды бірақ кейбір алаңдаушылықтар болады. Негізінен, емтихандардан кейін белсенділік әлсірейді, бірақ эмоциялық алаңдаушылық өте жоғары болып қалады.
Казіргі уақытта жеке адамды зерттеуде оқиғалы биографиялық көзқарас кең тараған. Бұл көзқарас жеке адам өмірінің ерекшелігін, оның нақты биографиялық ерекшеліктерін ерекше көрсетуге бағытталған. Оқиғаларды бастан кешіру тәсілі жеке адамның психологиялық тағдырын анықтайтын болады. Бұл бағытта жұмыс жасағандар Б.Г. Ананьев, оның әріптестері және ізбасарлары болды. [3]
Эмоционалды сфераны зерттеу, эмоционалды тұрақтылық мәселесі бойынша (Л.М.Аболин, В.В. Белоусов, Б.Х.Варданян, М.И. Дьяченко, П.Б. Зильберман, К.К.Платонов, А.А. Черникова т.б.) еңбектеріне талдау жасау арқылы, зерттеу мәселесіне ғалымдардың да қызығушылықтарын туғызып отырғандығына көз жеткіздік.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Фрейд З. Введение в психоанализ.Лекции. -М., Наука, 1989. — 450 с.
2. Березин Ф.Б. Психическая и психофизиологическая адаптация человека. — Л.: Наука, 1988.
3. Ананьев В.А. Введение в психологию здоровья СПб, 1998.
4. Левин К. Теория личности. М., 1985
5. Аболин JI.M. Психологические механизмы эмоциональной устойчивости человека. Казань: Изд. Казан, ун-та, 1987. — 261 с.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *