
Қызырхан Ы.Қ. –магистрант ҚазИГЗУ
Ғылыми жетекші — п.ғ.к.Гизатулина А.Г.
СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ КАРЬЕРАСЫНА ДЕГЕН
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ
Қазіргі заман талабы мен қоғамдағы қарқынды өзгерістер жастардың болашаққа деген мақсаты мен армандарын қалыптастыруда. Әрбір жеке тұлға өзінің болашағын атқаратын іс-әрекетіне қарай бейімдейді. Бұл жолда адамның негізгі іс-әрекеті оның болашақ мамандығы мен таңдауы болып табылады. Осыған орай әрбір студент таңдаған мамандығына байланысты өзін-өзі психологиялық тұрғыда даярлауы маңызды мәселелердің бірі болуда.
Студенттердің кәсіби карьерасына психологиялық дайындығы олардың болашақ мамандықтарына деген ынтасын, қызығушылығын және ізденісін арттарады. Студент тұлғасы өзін-өзі психологиялық дайындау арқылы карьерасының жүзеге асуына ат салысады.
Қазіргі уақытта жас мамандар, ЖОО түлектері – зиялы қоғамның тобын сипаттайды. Олардың әрекеті материалдық құндылықтарды құруға, алдыңғы қатарлы технологияларды, ғылыми прогрессті іргелі жылжытуға, өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Олардың кәсібилілігінен елдегі технология мен ақпараттандырудың өсу жылдамдығының тәуелділігі артады. Сондықтан студенттердің ЖОО-да болашақ кәсіби карьерасына психологиялық және коммуникативтік дайындығын зерттеу жұмысының мәселесі қазіргі таңда ең үлкен қызығушылықтарды тудыруда. Болашақ мамандардың жеке тұлғалық кәсібилігін және іс-әрекетін табысты қалыптастыру олардың еңбекке деген дайындығына негізделеді. Ғалымдармен кешенді психологиялық білім беру және кәсіби іс-әрекетке дайындықтың негізгі бөлігі психологиялық дайындық болып келеді. Кешенді психологиялық білім беру ретінде, сонымен қатар оның функционалды, операционалды және жеке тұлғалық компоненттерінің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтік топ ретінде ол кәсіби бағыттылықпен, келешек кәсібіне деген қатынастың қалыптасуымен сипатталады. Соңғысы мамандық қоятын талаптар мен кәсіби іс-әрекет жағдайларын білуді қажет етеді. Зерттеулер нәтижесінде студенттің мамандық туралы түсініктері оның сабаққа деген қатынасының деңгейімен сәйкес келетінін көрсеткен: өзінің мамандығы туралы неғұрлым аз білсе, соғұрлым сабаққа деген жағымды қатынасы төмен болатыны анықталған.
Сонымен қатар студенттер — әлеуметтік белсенділіктің жоғарғы деңгейімен және жеткілікті түрде интеллектуалды және әлеуметтік зерделіліктің үйлесімділігімен сипатталатын әлеуметтік қоғам. Бұл студенттік ерекшеліктің негізінде әрбір студентке деген оқытушының педагогикалық қатынастың болуы жатыр. Жеке дара-іс-әрекеттік тұрғыдан студент өзінің іс-әрекетін өз бетімен ұйымдастырушы педагогикалық өзара әрекеттің субъектісі ретінде қарастырылады. Оған нақты кәсібибағдарланған тапсырмаларды шешу үшін танымдық және коммуникативті белсенділікке деген бағыттылық тән. Студенттік кезең – адамның қалыптасуындағы орталық кезең және түрлі қызығушылықтардың көрінуімен ерекшеленеді.
Студенттік кезеңдегі өзбеттілік әрекеттер туралы сұрақ көп жағдайда нақты практикалық сипатта болып келеді. Бір жағынан теориялық білім мен қызығушылықтар жиналған білім аймағындағы практиканың қолдануымен кездескенде тексеруден өтеді. Екінші жағынан қызығушылықтар мен қажеттіліктердің теориялы, абстрактілі аймағы оны тұрмыста қолдануға әкеледі. Өзбеттілік — жатақханадағы өмірге үйрену, өзінің ақшасын ұстау, өз уақытын дұрыс қолданумен байланысты практикалық іске айланады.
Бұл жас кезеңде идеалға, шындыққа деген бағыттылық мықты болады. Әртүрлі арнадан келіп жататын ақпараттың көптігі студенттің білімін кеңейтеді. Сонымен қатар бұл ақпараттың шектен тыс көптігі уақыттың жеткіліксіздігі мен оны ойша өңдеуге құлықтың болмауынан білім мен ойлаудағы үстірттікке, өзінің өмірін ұйымдастырудағы қателіктерге әкеледі.
Бұл іс-әрекеттегі профессионалдылық бөлек алынған еңбек және өмір субъектісінің, ұжымдағы жалпы әлеуметтік ұйымдағы байланыстар мен қатынастардың терең табиғатының сырын ашуға мүмкіндік береді.
Осы негізде әрбір студенттің өзіндік кәсіби карьерасына деген психологиялық дайындығына оның әлеуметтік ортасы, мінез-құлқы мен мақсаты негізгі ролді атқаруда деген тұжырым жасалуда.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Рогов М. Г. Системно-деятельностный подход исследованию ценностно-мотивационной сферы личности в процессе ее профессионализации.// Системные исследования в общей и прикладной психологии. Сборник научных трудов/институт управления, Москва. –
2000 г. с.32.
2. Жоғары оқу орнында студенттердің құзырлығын қалыптастыру мәселелері. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Хабаршысы. – Түркістан, 2009, №2 (67)– Б.265 — 270.
3. Захарова H. Психологические основы подготовки к профессиональной деятельности: Дис. док. пс. н. 19.00.01. Текст. / Л.Н.Захарова — Н.Новгород, 1997. — 463