
Психологиялық қызметтің ерекшеліктері. Пенитенциарлы мекемелерде психологтың ролі.
Түзету мекемесі психологтары жұмысының басты бағыттарының бірі – сотталғандарды бостандықтағы жаңа өмірге дайындау. Сондықтан, аяқтан шалар қателіктер туындамас үшін сотталғанның жаза өтеу мерзімі аяқталған соң оның бостандықтағы өмірі қалай өрілетінігі туралы қам-қаракет жасауда арнайы психологиялық қызмет көрсетіледі.
Психологиялық қызметтің негізгі функциялары
1. Диагностикалық – оның негізгі мақсаты-сотталған адамның тұлғасын жан-жақты зерттеп, психологиялық портретін құру. Кейбір сотталғандарға аса назар аудару қажет болғандықтан, психолог оның тұлғасын зерттеп, жеке жұмыстарды өткізеді. Диагностикалық функция арнайы әдістемелер көмегімен жүзеге асырылады (тестілеу, құжаттарды зерттеу, әігімелесу, бақылау және т.б.) тұлғаны және топты зерттеу және алыңған мәліметтерді өндеу , интерпритация жазу.
Диагностикалық шаралар психолог іс-әрекетінде қолданылатын келесі психодиагностикалық әдістемелер көмегімен жүзеге асырылады:
Автобиографический метод изучения личности осужденного (АМИЛ);
Комплексное исследование личности осужденного КИЛО (Громова Е.В.);
Минессотский многопрофильный личностный опросник (ММPI);
Калифорнийский личностный опросник (CPI);
Многоуровневый личностный опросник МЛО (Маклакова А.Г.);
Миссисипская шкала посттравматического стресса (МШ);
Восьмицветовой тест М. Люшера;
Характерологический личностный опросник ЕPI (Г. Айзенк);
Опросник ЕPQ (Г. Айзенк);
Личностный опросник FPI (Г. Айзенк);
Опросник Г. Айзенка подростковый (для воспитательных колоний);
Личностный опросник агрессивности ВD (Басса-Дарки);
Шкала депрессивности Бека (ВDI);
Оценка нервно-психического напряжения НПН (Немчин Т.А.)
Методика многофакторного исследования личности Кеттелла (16 РF);
Дифференциальный диагностический опросник (ДДО);
Методика диагностики темперамента РТS (Я. Стреляу);
Опросник Шмишека (Леонгарда-Шмишека).
Қосымша психологиялық әдістер:
Тест Томаса (по определению стиля поведения и предрасположенности к конфликтному поведению);
Опросник «Шкала одиночества» Д. Рассела, Л. Пепло, М. Фрюгсона;
Шкала склонности к алкоголизму (МАС);
Экспресс-диагностика уровня тревожности Спилбергера;
Методика «Волевой самоконтроль» Эйдмана (ВСК);
Методика «Уровень субъективного контроля» УСК (Е.Ф. Бажин, А.М. Эткинд);
Методика «Черты характера и темперамент» (ЧХТ);
Тест «Самочувствие. Активность. Настроение» (САН);
Методика диагностики межличностных отношений Т. Лири;
Метод измерения коммуникативных и организаторских склонностей КОС (В.В. Синявский, Б.А. Федоришин);
Метод «Социометрия».
Прективті тесттер:
метод рисуночной фрустрации Розенцвейга; «Незаконченное предложение»; ТАТ; «Дом – дерево – человек» (ДДЧ); «Кинетический рисунок семьи»; «Несуществующее животное».
2. Кенесберу – негізгі мақсаты-әр-түрлі жеке т ұлғалық психологиялық мәселелерді шешуімен ерекшелінеді. Дағдарыстық және проблемалық ситуацияларды шешу үшін қолданылатын функция.
3. Психокоррекциялық – индивидтің құндылық және әлеуметтік-психологиялық бағдарларын өзгертуімен ерекшелінеді. Индивидтің мінез құлқын регуляциялау және бақылау, қарым қатынас аймағында маңызды керекті дағдыларды қалыптастыру, жағымсыз психологиялық факторлар мен әсерлер кезінде тұрақтылыққа үйрету (стресс, қақтығыс жағдайлар).
Осы функцияның шегінде психолог жұмыстың индивидуалдық және топтық формалар көмегімен психокоррекциялық іс-шараларды жүргізеді (аутотренинг, әлеуметтік-психологиялық тренингтер және т.б.)
4. Прогностикалық және психопрофилактикалық – негізгі мақсаты-топтық және индивидуалды мінез-құлықты алдын ала болжамдауымен ерекшеленеді. Өзара қақтығыстарды алдын алу, эмоционалды күйіну, суицид және басқа негативті көрінуілер
5. Ағартушылық – персоналдың құзыреттілігін және психологиялық мәдениет деңгейін жоғарлату, персоналды жұмыстың кәсіби маңызды дағдыларын қалыптастыру. Психологтан алыңған мәліметтеріне назар аудару және өз өмірінде қолдану.
Осы функцияны жүзеге асыру үшін психологиялық қызметтін өкілдері келесі іс-шараларды өткізеді: лекциялар, әңгімелесу және т.б.
6. Зерттелушілік – негізгі мақсаты-пенитенциарлы психология аймағында әр-түрлі зерттеулер мен эксперименттер жүргізу. Пенитенциарлы мекемелерде әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды зерттеу, әдістемелерді дайындау және топтық немесе индивидуалды мінез-құлықты коррекциялаудың жолдарын іздестіру, психологиялық қызметтің әр-түрлі бағыттары бойынша әдістемелік кепілдемелерді қарастыру.