Биологиялық мембраналар

Биологиялық мембраналар
Жасушалар мембраналарының бір-бірінен құрамы, қасиетт ері жəне органелла түрлері бойынша айырмашылықтары болады.
Эукариоттарда мембрана топтарының түрлері: плазматика- лық, ядролық, эндоплазмалық ретикулум, митохондрий, хлоропластық т.б. Мембраналар түрі көп болғанымен құрылыстары ұқсас келеді. Мембраналар құрамында көмірсулар гликолипидтер түрінде кездеседі, мөлшері 0,5-10%-ға дейін болуы мүмкін. Көмірсулар мембрананың сыртқы бетінде орналасады. Бұл заттардан басқа мембрана құрамында су, минералды тұздар жəне кейбір минорлы (РНҚ 0,1% дейін) қосылыстар кездеседі
Мембраналар негізінен май мен белоктардан тұрады. Майлардың белоктармен салмақтық қатынасы 1:4 немесе 4:1 болып келеді. Мембраналарда көмірсу компоненттері де кездеседі. Ондағы майларға құрамында гидрофильді жəне гидрофобты топтары бар, молекулалары оншалықты үлкен емес майлар тобы жатады. Сулы ортада майлардың мұндай молекулалары өте жылдам липидтік қосқабат түзеді, ал мұндай қосқабаттан полярлы молекулалар өте алмайды. С. Дж. Синджер мен Л. Г. Николсон: «биологиялық мембраналар липидтік қос қабаттан тұрады, тіпті мембрананы белоктар жүзіп жүрген липидтер «теңізі» деп қарау керек» деген. Мұны cұйықты-мозайкалық модель деп атайды. Мембраналардың құрамына майлардың негізгі үш тобы кіреді: фосфолипидтер, гликолипидтер, холестерол (3-кесте).
Мембрананың көптеген қызметі, оның құрамына кіретін белоктардың қасиетімен анықталады. Мембрана белоктары насостық, рецепторлық, ферменттік қызмет атқарады. Мембрана белоктары липидтік қос қабатқа еніп тұрады да, өздеріне тəн активтілік көрсетеді. Мембрана белоктарын екі топқа бөлуге болады: шеткейлік немесе липидтік қосқабатқа жанасып тұрушы белоктар жəне интегралды немесе липидтік қосқабатқа батып тұрушы белоктар.
Шеткейлік (перифериялық) белоктар қосқабаттың гидрофобты шетімен байланысады, ал интегралды белоктар қосқабаттың гидрофильді соңына батып тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *