«Ер Тарғын» жырын

«Ер Тарғын» жырын фольклортанушылар ноғайлы дәуірінде туды, ол белгілі мөлшере сол дәуірді және оның қарым-қатынастарын елестетеді дейді. Басқа жырларға қарағанда «Ер Тарғын» жырының варианттары көп емес. Көп уақытқа дейін ғалымдар «Ер Тарғын» жырын қазақ ауыз әдебиетіндегі халықтық сипаты бар көркем шығарманың бірі деп бағалап келді. 1951 жылғы қаулы әсерінен «Ер Тарғын» жырына қарсы пікірлер айтыла бастады. Осындай себептерден «Ер Тарғын» жыры біраз уақыт қатардан шығып қалды. Кейіпкерлері — Ер Тарғын, Ақжүніс, Қарт Қожақ, Ханзада, Тарлан ат т.б. Жырдағы Тарғын қалың қол бастаған батыр болып көрінбейді. Ол – жеке ұрыстарда ерекше ерлік жасаған, сонысы үшін ер атанған адам.
«Ер Тарғын» жырындағы Тарғын — бір рудың ғана емес, бүкіл ноғайлы жұртының батыры. Оған ноғайлы атанған елдің алыстығы жоқ, бәрі де жақын, тума-туыс болып көрінеді. Сондықтан ол ноғайлының бір елінен шығып, екіншісіне келеді. Тарғын басқыншы жаулардан өзінің ел-жұртының елдігін қорғауды және сол елдің бірлігін сақтауды, оған қызмет етуді мақсат етеді. Тарғынның Ақшахан әскерлеріне еріп, торғауыттарды жеңуде ерлік көрсетуі осы мақсаттан туады. Басқа ырларда басты кейіпкерлер жайы бірден айтылатын болса, бұл жағай «Ер Тарғын» жырында жоқ. Жырдың сюжет құру, образ жасауындағы негізгі ерекшеліктің бірі де осында. Жыршы әңгімені Тарғынға байланысы жоқ жайды суреттеуден бастайды. Жырда Тарғынның бейнесі тек ел қорғау жолында жасаған ерлік істерін суреттеу арқылы ғана жасалып қоймайды. Оның батырлық тұлғасы, ерлік ісі, алып күші Тарғынның өз сөзімен де, басқа адамдардың (мәселен, Сыпыра жыраудың) сипаттауымен де беріліп отырады.
Жырдың оқиғасы Тарғынның ерлік істерін суреттеу арқылы дамиды. «Басқа жырлармен салыстырғанда, айтайын деген ойды, суреттейін деген құбылысты асқан шеберлікпен беруде «Ер Тарғын» жыры, біріншіден, дамыту әдісін, екіншіден, шендестірді мол қолданады және шендестірудің жай түрін емес, ұлғайған, күрделі түрн жасайды»(Қ.Жұмалиев). Жырдың бұл ерекшелігі адам образын жасаудан айқын байқалады. Ақжүністіңкелбеті төмендегіше суреттеледі:
…Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де етім көр,
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де бетім көр.
Ақжүністің Қарт Қожақты сипаттауында да шендестір әдісі қолданылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *