Қанағат
Ы.Алтынсарин
Әзіреті Әліден бір кісі келіп сұрады:
−Толық байлық қайтсең табылады?
Әлі айтты:
−Қанағат ете білсең. Қанша мал көп те болса, қанағаты жоқ кісі байлыққа жеттім деп тоймайды; қанша мал аз да болса, барына қанағат ете білсе, бұл адамның көңілі жайлы, тынышырақ болады; соның үшін байлық қанағатта, −деді Әзіреті Әлі.