Ғ.Мүсірепов

Ғ.Мүсірепов

Ойсыз сөзде көркемдік те жоқ.

Көркем сөз жанның сәулесі.

Сөз қасиеті — көркемдіінде, Ой қасиеті — шындығында.

Көзбен де қамшылауға болады.

Оқыс сөз, одыраң мінез — үлгісі жоқ ұлдың, кері кеткен қыздың белгісі.

Өзің аспанда, ойы төменде жүргенше, өзің төменде, ойың аспанда жүрсін. Биік деген немене, төмен деген немене — сонда түсінерсің.

Сұлулық, әдептілік, білімділік, сезімділік, ерлік, даналық — бәрі де жеке адамның меншігінде емес, ең алдымен елдің, халықтың еншісі.

Ой да тұтқындалады.

Тазалық тазалыққа шақырады.

Қыз мінезінде ұяңдық пен әдеп бір кездессе, бірін-бірі жасырыңқырап тұрады да, ашықтық пен абайсыздық кездессе, бірін-бірі асырыңқырап тұрады.

Сөзшеңдік — уақыт трагедиясы.

Ата — кәрі тәжірибе, бұрынағы күн, әке — кеше мен бүгін. Бала — бүгін мен ертеңгі күн. Немере — қалыс (запас). Тіршілік еш нәрсені ұмытпаған.

Шала білім, шалағай мәдениет бір құлатпай қоймайды.

Әйелдің ақылы — көркінде, еркектің көркі — ақылында.

Әйел асқақтаса жылайды, еркек асқақтаса — құлайды.

Жаман тіл — мәдениетсіздіктің белгісі, елмен байланыс үзілуі.

Ең ауыр майдан — надандықпен күресу майданы: әрі ұзақ, әрі ызасы көп.

Махаббат, достық, бауырмалдық — адамның ең бір асыл қасиеттері.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *