Міржақып Дулатов
Денсаулық жайынан
Тыныстың амандығы үшін
1. Дем алғанда аузың үнемі жабулы болсын.
2. Шаңда я ауасы бұзылған орында шамаң келгенше демалма, (тұрма) жүрген жеріңде шаңдатпай жүр, әсіресе үйдіңішінде шаң көтеруші болма.
3. Үйдің ішінде еденге қақырма, түкірме, мұрын орамалыңа қақырып, түкірме.
4. Үй ішінде отырып жұмыс қылғанда жылы уақытта терезең ашық болсын, Суық уақытта күн тәуір болса, бірнеше рет есік, терезені ашып, үйіңнің ауасын жаңартьш, тазалап тұр.
5. Гулеме желден сақтан, әсіресе, қызып терлеп отырғанда сырттағы ауа ішке бір терезеден кіріп қарсы терезеден шықса, үйдің ішін жел гулеп кетеді. Осы желді гулеме деп атайды.
6. Ұйықтайтын үйіңнің (бөлмеңнің) ауасы өте таза болсын. Ұйықтаған уақытта күндізгі шаршатқан бейнетінен құтылып, адам дем алады, келешек күнге күш-қуат жияды. Адамның өмірінің біразы ұйқыда өтеді. Сондықтан ұйықтайтынжайың денсаулықка керекті шарттарға келісті келсін. Таза
болсын. Мұны ұмытпасқа керек.
7. Еш уақытта көкірегіңді, ішінді (құрсағыңды) терезеніңалдына не тақтайдың, үстелдің шетіне я болмаса басқа нәрсеге кидірмелеп қыспа.
8. Шылым тартпа, насыбай атпа, темекі– өте зиянды нәрсе.
Көзің аман болады.
1. Ымыртта, алакөлеңкеде, нашар жарықта оқыма, жазба, жұмыс қылма.
2. Күндіз үйде жұмыс қылсаң жарық (терезе) сол жағыңда болсын. Жарық болған тесіктен (терезеден) аз да болсааспанның бір бөлігі көрініп тұрсын, көз алдыңдағы (қолыңдағы) істеп отырған жұмысыңа (жазып отырған кағазыңа,тігіп отырған киіміңе) күн түспесін (күннін шуағы тимесін).
3. Кешке шаммен жұмыс қылғанда шамың алдыңда кішкенесол жақка таман жарты метрдей (үш жарым қарыстай) алыстықта тұрсын. Шамның қалпағы (абажоры) қара не қызыл,көк, сары секілді бояулы түсті болмай, ақ шыныдан (фарфордан) болсын. Шамныңморжасы (трубасы, мойны) бұлтықсыз шелек қалыпты болсын. Жылпылдаған жарықта, ат үстінде, жүріп келе жатқан арба, шана үстінде, от арбаның,трамвайдың ішінде жұмыс қылу, кітап оқу көзге өте зиянды. Жатып оқыма, іс қылма, көзің тез бұзылады.
4. Жазғанда қою қара сиямен анық көрінетін сызықтыңүстінен жаз, жазғанда жолмен (транспарант) пайдаланба. Еңжақсысы сызықсыз қағазға түзу жазып үйренген.
5. Жұмыс уақытында көзің талса, жұмысынды қой да, көзің дем алғанша (талғаны қойғанша) терезеге қара.
6. Қатты аурудан тұрғанда әбден айыққанша біраз уақыткөзіңді күтіп сақтанып жүр.
7. Көзіңе қиқым я бөтен бір нәрсе түсе калса, көзінді уқалама. Жоғарғы қабағыңды қолыңмен жәй ғана мұрныңа қарайсыла. Көзге түскен нәрседен бүйткенде құтыла алмасаң, доқтырға көрін.
8. Көруің кемісе я көзің ауырса доқтырға көрін. Көзіңекөзіддірік керек пе, я бөтен дәру керек пе тек доқтыр ғана біледі, көзілдірік керек болса қаңдай көзілдірік керегін (нөмірлісіболады), қай уақытта киюін дәрігер айырып береді. Орынсыз киген көзіддірік көзді бұзады. Дәрігермен кеңеспей көзілдірік киме.