Асыл шөп

Асыл шөп

Ы.Алтынсарин

Зылиха мен Бәтима деген екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға келе жатыпты. Зылиха аһілеп-үһілеп, шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Зылиха айтты:
−Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығы да менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің?
−Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым, −деді Бәтима.
Әй, ондай болса, шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырлықты жеңілдетейін −, деді Зылиха.
Ол шөп сенің қолына түспей ме деп қорқамын, аты – Сабыр деген, − деді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *