Тіл және сөз өнері туралы
Алмас қылыш майданда серік,
Асыл сөз майданда да, сайранда да серік.
Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді.
Сөз асылы – мақал.
Сөз түбін сөз табар.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,
Тілімнен сүріндірме.
Мыңнан біреу көсем,
Жүзден біреу шешен.
Өлең – алтын,
Сөз – күміс.
Шебердің қолы– ортақ,
Шешеннің тілі– ортақ.
Сөз – жіп, созсаң кете береді.
Тіл – буынсыз, ой – түпсіз.
Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Сөйлей-сөйлей шешен болар,
Көре-көре көсем болар.
Ділмардың сөзі ұстаның бізінен өткір.
Тіл жүйрік емес, шын жүйрік.
Байлауы жоқ шешеннен,
Үндемеген есті артық.
Бәйге алмаған жүйріктен,
Белі жуан бесті артық.
Тіл қаруы – сөз,
Сөз қаруы – ой.
Қымбат дүние қолға түсе бермейді,
Қымбат сөз ауызға түсе бермейді.
Күн шалмас қараңғы көңілді сөз шалады,
Күн жылытпас сұм жүректі сөз жылыта алады.
Көп сөз ұтпайды,
Дөп сөз ұтады.
Өмірден көзің кетсе де,
Сөзің кетпесін.
Ақын – ұлттың жүрегі,
Шешен – көптің тірегі.
Батыр – көптің білегі.
Сөз – адамның айнасы.
Тіл жүйріктен де озады.