БАТА-ТІЛЕКТЕР

БАТА-ТІЛЕКТЕР

Бисмиллаһи- р – рахмани- р – рахим,
Уа, Жаратқан Ием құдірет,
Тілегімізді қабыл ет,
Иманымызды кәміл ет!
Достың көңілін аша көр,
Дұшпанның көңілін баса көр.
Әділдікті бұрғаннан сақта,
Қайырымсыз туғаннан сақта.
Өтпес пышақ, шабан атыңнан сақта.
Көкдолы, шайпау қатыннан сақта.

***
Түздегіні түзде сақта,
Жаратушы жан Ием.
Әрқашанда бізді сақта,
Кедергі мен кеселден.
Бір Алла өзің сақта!
Айтқанымды қабыл етсін, бір Алла,
Әумин! Аллаһу акпар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *