Python бағдарламалау тілі туралы жалпы деректер

Python бағдарламалау тілі туралы жалпы деректер. Python бағдарламалау тілінің шығу тарихы.
Дәрістің мақсаты: Python бағдарламалау тілі туралы жалпы деректер беру, тіл мүмкіндіктерін қарастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Python бағдарламалау тілінің шығу тарихы.
2. Python тілінің мүмкіндіктері.


Python — жоғары дәрежелі кодтың оқылуын және әзірлеушінің өнімділігін арттыруға мақсатталған жалпы мақсаттағы бағдарламалау тілі. Python тілі аз синтаксисті талап етеді. Бірақ сол уақытта стандартты кітапханасы үлкен көлемді пайдалы функцияларды қамтиды.
Тілдің кеңейткіштері: .py, .pyw, .pyc, .pyo, .pyd болып келеді.
Python тілін әзірлеу голланд институтының қызметкері Гвидо ван Россуммен 1980 жылдың соңында басталған. Ол оны бос уақытында жаза бастаған. 1991 жылыдың 20 ақпанында алғашқы мәтіндерін жаңалықтар топтамасында жарыққа шығара бастады. Python тілі бастапқыдан объектіге бағытталған бағдарламалау тілі ретінде жобаланды.
Автор бағдарламаны 1970-жылдардағы танымал британ комедиялық «Монти Пайтон Ұшатын циркі» телешоуының құрметіне атаған. Көбі оны жыланның атымен байланыстырады. Бағдарламаның python.org сайтында (2.5 нұсқасына дейін) жыланның басы бейнеленген. Python әзірлеушісінің негізгі мақсаты — оны қолданушыға қызықты етіп жасау болды. Оны атауынан да байқауға болады. Оның бұл мақсаты бағдарламаны үйретуді ойын түрінде ұйымдастырып, ақпараттық материалдармен жабдықтағандығында. Бұл тілге деген қолданушылардың жақсы сын пікірлерінен Гвидоның дизайнерлік құрылымының да ұтымды болғанын дәлелдейді [13].
2008 жылдың 3 желтоқсанында ұзақ тестілеуден кейін Python 3000 (немесе Python 3.0) бірінші нұсқасы шыққан. Python 3000 бағдарламалау тілінде Python ескі нұсқаларымен сәйкестікті максимум сақтауға тырыса отырып, архитектурасы бойынша кемшіліктерді жойған. Қазіргі күні (Python 3.x және 2.x) екі даму бұтақтары да қолданып келе жатыр.
Python тілінің негізгі және аралық нұсқаларының уақыты:
 Python 1.0-Қаңтар 1994;
 Python 1.5 — 31 желтоқсан 1997;
 Python 1.6-5 қыркүйек 2000;
 Python 2.0 — 16 қазан 2000;
 Python 2.1 — 17 сәуір 2001;
 Python 2.2 — 21 желтоқсан 2001;
 Python 2.3-29 шілде, 2003;
 Python 2.4 — 30 қараша 2004;
 Python 2.5-19 қыркүйек, 2006;
 Python 2.6-1 қазан, 2008;
 Python 2.7-3 шілде, 2010;
 Python 3.0-3 желтоқсан, 2008;
 Python 3.1-27 маусым 2009;
 Python 3.2-20 ақпан, 2011;
 Python 3.3-29 қыркүйек, 2012;
 Python 3.4-16 наурыз, 2014.
Python тіліне басқа тілдердің ықпалы.
Python тілінің кешірек шыққандықтан оған көптеген тілдердің ықпалы болды. Мысалы келесі тілдердің:
 ABC — операторларды топтаудың шегіністері, жоғары деңгейлі деректер құрылымы. (Python тілі шындығында келегенде, ABC ОББ тілін жобалауда кеткен қателіктерді түзету үшін құрылған тіл болатын);
 Modula-3 — бумалары, модульдері;
 С, C++ — біршама синтаксистік конструкциялары;
 Smalltalk — объектіге бағытталған программалау;
 Lisp — (lambda, map, reduce, filter и другие) функционалды программалаудың айрықша белгілерін;
 Fortran —массивтер, кешенді арифметика;
 Miranda — тізімдік өрнектер;
 Java — logging, unittest, threading модульдерін, xml.sax стандартты библиотекасын, finally және except-тің ескерпелерді өңдеудегі біріктірілген қолданылуын;
 Icon — генераторларын [14].
Python тілінің басым бөлігі (мысалы, бастапқы кодтың байт-компиляциясы) бұрынырақта басқа бағдарламалау тілдерінде іске асырылатын.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *