
Типтер
Java тілінде әртүрлі типтегі тұрақтыларды әр түрде жазуға болады:
— Бүтін
— Нақты
Нақты тұрақтылар тек қана ондық санау жүйесінде екі түрде жазылады:
• Бекітілген нүктемен: 37,25, -128.678967,+27.035
• Жылжымалы нүктемен: 2,5е34, -0.345е-25, 37.02Е+4. Е латын әрпін бас әріппен немесе кішкене әріппен жазуға болады, бос орын мен жақша қолданылмайды.
Нақты тұрақтының соңында F немесе f әрпін қоюға болады, онда тұрақты float типті форматта сақталады: 3,5f, -45.67F, 4.7e-5f. D әрпін жазуға да болады: 0.045D, -456.77889d бұл double типін білдіреді, бірақ бұл артық болады, өйткені нақты тұрақтылардың өзі де double типті форматта сақталады.
Жеке белгілерді жазу үшін келесі формалар қолданылады: Баспа белгілерді апострофта жазуға болады: ‘a’, ‘N’,?.
Басқарушы белгілер апострофта кері еңкейтілген сызықпен жазылады:‘\n’-ASCI 10 кодымен newline жолын аудару белгісі.
‘r’ — 13 кодымен CR арбаны қайтару белгісі, ‘f’ — 12 кодымен FF парағын аудару белгісі.
‘\b’ — бір қадамға қайтару белгісі BS, 8 кодымен ‘\t’- көлденең табуляция белгісі HT, 9 кодымен ‘\‘\’ – кері еңкейтілген сызық
‘\’’’ — тырнақша
‘\’’ – апостроф.
Кез келген 0 ден 255 дейінгі ондық кодировкасы бар белгінің кодын, сегіздік санау жүйесінде 3 цифрдан асырмай кері еңкейген сызықтан кейін апостроф ішінде жазуға болады: ‘\123’ – S әрпі, ‘\346’ — Ж әрпі CP1251 кодировкасында. Баспа және басқарушы белгілер үшін бұл форма қолданылмайды, өйткені алдыңғы пунктте көрсетілгендей компилятор бірден сегіздік санау жүйесіндегі жазбаны жоғарыда жазылғандай аударады. Ең үлкен код ‘/377’ – ондық сан 255. Unicode кодировкасындағы кез келген символдың коды латынның u әрпімен төрт орынды цифрмен: ‘\u0053’ – S әрпі, ‘\u0416’ – Ж әрпі және кері еңкейтілген сызықтан кейін апострофта жазылады. Символдар char типті форматта сақталады.
Символдар қатары тырнақшаға алынады. Басқарушы символдар мен кодтар да дәл солай кері еңкейген сызықпен, жолддарға жазылады. Жолдар бастапқы кодтың бір қатарында орналасуы мүмкін, ашылған тырнақшаны бір қатарға жабылатын тырнақшаны келесі қатарға жазуға болмайды. Жолдық тұрақтылар үшін плюспен белгіленетін жалғасу операциялары анықталған. Жалғасу + қатар нәтижесінде Жалғасу қатарын береді.
Ұзын қатарды бір қатарлы тұрақтылар түрінде жазу үшін, жабу тырнақшасынан кейін бірінші және келесі жолдарға қосу қою керек, сонда компилятор екі қатарды бір қатарлы тұрақтыға жинайды, мысалы:
“Бір қатарлы тұрақты жазылған” + бастапқы мәтіннің екі қатарында.
Java тілінде құрылған, бастапқы мәліметтердің барлық типтері, екі топқа бөлінеді: примитивті типтер және сілтемелі типтер. Сілтемелі типтер массивтерге, кластарға және интерфейстер болып бөлінеді. Примитивті типтер барлығы 8. Оларды логикалық тип Boolean және сандық деп бөлуге болады.
Сандық типтерге бүтін: byte, short, int, long, char жатады. Бүтін типтерге қолданылатын операциялар:
— Қосу +()
— Азайту –
— Кобейту*
— Бөлу/
— Бөлгеннен қалған қалдықты алу ٪
— Инкремент ++
— Декремент –
Нақты типтер Java-да екеу: float және double. Стандартты арифметикалық және тригонометриялық функцияларды орындау Java тілінде арнайы Math класының көмегімен жүзеге асырылады. Ол әр программа автоматты түрде берілетін Java. Lang пакетіне жатады. Math класының кейбір әдісін келтіреміз:
Final double PI
Double pow (double, double)
Double sqrtr(double)
Double atan (double)
Double cos|sin|tan (double)//
Double random()
Int round(float)
Long round (double)
Value abs (value)
Value max (value, value)
Value min (value, value)