Оқиғаларды өңдеу модельдері Бейнелермен жұмыс істеу

Оқиғаларды өңдеу модельдері Бейнелермен жұмыс істеу
AWT кітапханасында оқиға компонентке қандай да бір манипуляциямен тышқан әсері арқылы, пернетақтадан енгізгенде, терезенің орнын ауыстырғанда және оның көлемдерін өзгерткенде туындайды.
ComponentEvent оқиғасы компоненттің орнын ауыстырғанда, оның өлшемін өзгерткенде, экраннан өшіргенде жəне экранда пайда болғанда орындалады.
FocusEvent оқиғасы фокусты алғанда немесе жоғалтқанда туындайды.
KeyEvent оқиғасы егер компонент енгізу фокусынан тұрса,əр кез пернені басқан сайын жəне жіберген сайын орындалады.
MouseEvent оқиғасы компонентте тышқанның манипуляциясы кезінде орындалады.Объектте болған оқиға, оқиғаның негізі деп аталады.
AWT – да барлық күйлер классифицияланған.Оқиға пайда болғандаJava-ның орындаушы жүйесі автоматты түрде оқиғаға сәйкес кластың объектісін құрады.Бұл объект ешқандай іс-әрекет жасамайды, ол тек оқиғалар туралы барлық мәліметтерді сақтайды.Java тілінде AWT.event пакеті оқиғаларды тыңдау үшін, оқиғаларды өңдейтін қолданушылармен анықталған сілтемелердің көмегімен оқиғалар туралы ақпараттар жазу және біріктіру үшін құрал- жабдықтармен қамтамасыз етеді. Оқиғаларды өңдну әдістері тыңдаушы — интерфейстерде(listener) сипатталған. Интерфейстердің аттары сөзінен және оқиғаның атынан құралады, мысалы,ActionListener, MouseListener. Интерфейс әдістері оқиғаның потенциалды көзінде не болып жатқанын «тыңдайды». Оқиға туындаған жағдайда бұл әдістер аргумент ретінде объект-оқиғаны ала отырып және осы объекттегі оқиғалар жайлы мәліметтерді өңдеу үшін қолдана отырып, автоматты түрде орындалады.
Белгілі бір типті оқиғаны өңдеу үшін,сәйкес интерфейсті іске асыру керек.Мұндай интерфейсті іске асырушы кластар, оқиғаларды өңдеуші кластар, тыңдаушылар (listeners) деп аталады: оқиғаның туындауын бақылаужәне оны өңдеу үшін олар объектіде не болып жатқанын «тыңдайды».
Оқиғаларды өңдеушілермен байланысу үшін, оқиғалардың класс-көздері eventHandler данасына сілтеме алуы керек, ол өз кезегінде addXxxListener(XxxEvent eventHandler) әдісінің бірі, мұнда Ххх — оқиға аты.
Оқиға болған компонент-көзі оны өңдеумен айналыспайды.Ол оқиғаларды өңдей алатын класс-тыңдаушы данасына қатынайды.
Оқиғалар классификациясы оқиғаларды генерациялайтын компоненттер типтерімен байланысты, бірақ компоненттің әр типі үшін бірнеше оқиғалар типтері болуы мүмкін.Әр оқиғаның типінде онымен ассоцияланған тыңдарманы бар және әр тыңдарман үшін сәйкес өңдеуші оның бір немесе одан да көп әдістерін жүзеге асыруы керек. Мысалы, компаненті класымен және интерфейсімен сәйкестендірілген, осыған сай программалаушымен әдісі
Мысалы, actionPerformed əдісі, ол батырмалардың біреуімен сəйкес келе ме соны анықтайтын бір параметр-объекттен тұрады. Сұраутізбегікелесідейболады:
public void actionPerformed(ActionEvent e) { if (e. getSource()==b1) {
операторлар
} еlse
if (e.getSource()==b1) {
операторлар
}
т.б.
АctionPerformed əдісіне аргументретінде ActionEvent класына жататын е оқиғасы беріледі. Берілген класс берілген оқиғаның қай негізден шығатынын білуге мүмкіндік беретін getSource əдісінентұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *