Балғожа Бидің Ыбырайға жазған хаты

Балғожа Жаңбыршыұлы (туған жылы белгісіз — 1860) — би. Ыбырай Алтынсариннің атасы. Орта жүздің Қыпшақ тайпасының Ұзын руынан шыққан. Ыбырай Алтынсарин өзінің 1879 жылы жарық көрген «Қазақ хрестоматиясы» кітабына «Балғожа бидің баласына жазған хаты» деген өлеңді енгізген.

Үміт еткен көзімнің нұры, балам,
Жаныңа жәрдем берсін Құдай Тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Сүйіп, сәлем жазады бүгін саған.

Атаңды сағындым деп асығарсың,
Сабаққа көңіл берсең, басыларсың.
Ата-анаң, өнер білсең, асырарсың,
Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың.

Шырағым, мұнда жүрсең, нетер едің?
Қолыңа құрық алып кетер едің.
Тентіреп екі ауылдың арасында
Жүргенмен, не мұратқа жетер едің?!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *