
Балұстаұлы Есбай (1842-19 Юж.ж.) Гурьев уезіне қарасты Қарабау болысының (казіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы) жеріндегі Сарыкөл деген айдынның маңайында дуниеге келген. Күйші-композитор ретінде Есбайға айрықша ықпал еткен адам — Абыл Тарақұлы. Абылдың кұйшілік мектебінің табы Есбай күйлерінің өнбойында сайрап жатыр. Жалпы, Маңғыстау күйлерінің сырты сабырлы көрінгенімен, іші алабұртып, дөңбекшіп, тереңнен тепсініп жатады. Маңғыстау күйлері халықтың арман-аңсары туралы ой толғайды. Осы дәстүрдің ірі түлғасы Абылдың асқақ мұратын аласартпай, ізін суытпай ілгері алып жүрген мұрагері — Есбай. Абыл — алпыс екі тармакты «Ақжеленді» кактап сауғандай етіп тауысып тарткан күйші. Сонымен бірге, «Ақжелеңдердің» салтанатты көшін үзартып, өз жанынан небір терең толғанымды күйлер шығарған. Есбайдың Абылға лайыкты ізбасар болатыны, ең алдымен, осы дәстүрді игеріп, осы мектепті меңгерген. Ол да алпыс екі тармакты «Ақжелеңді» тауысып тарткан. Ел арасында «Абылдан сөз қалмаган, Есбайдан күй қалмаған» деген сөз бар. Бар өмірін күйге арнаған Есбай, ең алдымен, халык жадында ғасырлар бойы қатгалған рухани мұраның түпсіз білгірі болған. Маңғыстаудың «жеті кайкысы» атанған Мұңал Досат, Қаржау Түрсын, Майлан
Шолтамен, Жаманадай Тастемір, Жанай Өскенбай, Кенже Әділ,
Медет Жылкелді сиякты сал-серілердің ортасында небір кызықты күндерді бастан кешкен. Ауыл-елдің, ру-атаның намысы сынға
түсетін алақалы күй сайыстарына катысыпдалай рет жеңіс туын желбіреткен. Күйлері: «Ақжелең», «Ақілме», «Айда бүл-бүл»,
«Бес қыздың бел шешпесі», «Бүл-бүл» (екі түрі), «Бөгелек», «Бүктым-бүктым», «Бес төре», «Кербез Ақжелең», «Кербез керік», «Ортеке»,«Өттің дүние»,«Сылан Акжелең», «Сайра бүл- бұл», «Түйдек Ақжелең», «Терісқакпай», «Шилеме-шегелеме», «Ілме Ақжелең» т.б.