Ш.Т.Шангереева – Шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы, Абай атындағы ҚазҰПУ
ҚАЗІРГІ ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕНІҢ КӨРІНІСІ Көне заманнан келе жатқан танымтүсінік, əдеп-тағылымдарын ұғыну, білу жəне өмірге үйлесімдерін қажетке жарату – жастардың туған халқына деген құрметінің артып жəне өнегенің рухани түлей түсуіне ықпал етеді. Былайша айтқанда, елінің тарихи өткен жолы мен бұраң бұлтарысы көп болмыс-білімін ұғыну халқына деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімінің қарқынды түрде жетіле түсуіне əсерлі ықпал етумен қатар, бұл нəтижелі сапаға айналады. Қазақта “үйлену оңай, үй болу қиын” дегендей үйленіп, үй болу адам өмірінің ұмытылмас кезеңі. Оның да өзіндік қызығы мен қиындығы бар. Қазақ халқы қыз ұзатып, ұлын үйлендіріп келе жатқан, басқа халықтар сияқты думаншыл, сауықшыл халықтардың бірі. Ежелден бері қалыптасып келе жатқан дəстүр бойынша, қазақ халқында отау тігудің əр түрлі, рет-ретімен орындалатын салт-дəстүрлері өте көп. Отау тігу дəстүріне көрік беріп, қызықты əрі мағыналы ететін – салтдəстүр. “Қызын қияға, ұлын ұяға” қондыру əке-шешенің ұл-қызына деген міндеті. Қазақ табиғатында отбасы иелері балаларының алдында өздерінің тіршілік əрекетінде барлық адамгершілік қасиеттерін, үлгісін көрсете білген. Оның басты себебі, “ұлдың ұяты əкеде, қыздың ұяты шешеде” деп бағалағандықтан. Сондықтан, ата-ана балаларын тұрмыс пен салтқа бейімдеп, шеше көріп тон пішуге, əке көріп оқ жонуға баулитын болған. Осылайша ұрпақтың отбасы тəрбиесі ешқашан күн тəртібінен түскен емес. Бұрынғы қазақ жастары тəрбиені мектеп пен медреседе оқып білмесе де қызы анадан, ұлы əкеден үлгі-өнеге алған.
Қазақ халқының тарихы дəстүрге өте бай. Отбасы үшін ежелден тəн қасиетті балажандық, балаларды еңбексүйгіштікке тəрбиелеу, үлкенді құрметтеу, туысқандық кең байланыс, көршілермен жəне ұлты басқа халықтармен достық, ізгілік қатынастар осының бəрі қазақ халқының тұрмыс қалпына байланысты болған. Қазақ қыз-келіншектері мен ер азаматтарының бойында өзге халық өкілдерінің бойынан көрінетін дара қазақы болмысы жарқырай көрініп, жүрекке жылы əсер еткен. Əсемдік пен əдептілік үйлесімдік тапқан. Мəселен, ата-ана құқықтары қыз беріп, қыз алу, құда түсіп, құдалы болу, қазақ некесінің ерекшеліктері, қалың мал мəселесі, бата бұзу, ажырасу, бала асырау, əмеңгерлік, мирас пен мұра т.б. ежелгі отбасы дəстүрлері мен соған қатысты қағида ерекшеліктері жайында мағлұматтардан қазақ халқының отбасына ерекше мəн бергенін, шаңырақ шайқалып, босаға босамауына назар салғанын көреміз. Жас отаудың пайдасына асатын əдетғұрыптар келешегін, нəсілінің болашағын ескертуден туындап, халқымыздың ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар бойы желісін үзбей жалғасып келген. Атаанамыз екі жасты үйлендірмес бұрын оларға мынадай шарт қояды: біріншіден, қалыңдықты жеті атадан асырып іздеу қажет. Бұл талаптың мəнін халқымыз былай түсіндіреді: “қандас туыс адамдар үйленсе дұрыс бала туылмайды, туыла қалғанның өзінде ғұмыры қысқа болады.” Екіншіден, ағайын-туысқан арасында əдепсіз, жағымсыз қылықтар етек алып, ынтымақ бұзылады. Осылайша атақты қазақтар қашанда өзінің баласына басқа бір рудан, тайпадан барып, өзінің теңіндей адамдардың қызын айттыруға тырысады. Айттыру, құда түсу ежелден келе жатқан дəстүр екенін жоғарыда сипаттадық. Алайда құда болудың бірнеше жолдары бар. Кейбір өмірдің ащысы мен тəттісін бірге өткізген адамдар достықтары артып, туыс болғысы келсе бала өмірге келмей жатып құдаласуға уəделеседі де “бел құда”, екі нəрестені бесікте жатқан кезінен айттырып “бесік құда” атанады. Қазіргі таңда көп қолданылатын құдалықтың бір түрі қыз бен жігіттің келісімімен ұл жағы сырға тағып, құда түседі. Қайтадан қыз алысып, қыз берісіп құдалықты жалғастыруды “сүйек жаңғырту” немесе “сүйек шатыс” деген. Бір кездері құдалы болған адамдар құдалықтарын ұзақ жалғастыру үшін қыз берісіп, қыз алысады. Бұрынғы замандағыдай қазіргі кезде қызды зорлап қосу жоқ. Бірақ, ата-аналары ақылдасып жəне екі жастың келісімі бойынша жасалатын салт. Қалай отау құрғанда да жаңа түскен келіннің екі жақты жақындататын дəнекерлік рөлі аз емес. Келін болып түскен қыздың жаңа жұрттағы қадірі оның ақылы мен адамгершілігінде, шаруа икемділігінде, аналық қасиеттерінде жəне жарына деген мейір-махаббатында деуге болады. Əрине, бұл жастардың адамгершілік қасиеттеріне, алған тəрбиесіне, əдептілігіне байланысты. Соңғы кезде қазақ халқының табиғатына тəн, ана сүтімен сүйекке сіңген ізгі əдетғұрыптардан тыс қалып бара жатқандаймыз. Өз ұлтының өткені мен болашағына бейжай қарайтын тəрбиеден тысқары қалған жастар аз емес. Ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, əдеп сақтаудан хабарсыз кей жастардың қылығы əркімнің-ақ намысына тиері сөзсіз. Кейінгі кезде қазақ əдетіне жат, өзін өсіріп, тəрбиелеген ата-анасына қарсы сөйлеп, шет ел жастарына еліктеп киім кию, шылым шегу «қалада оқып жатырмын» – деп, атаанасының жиған-тергенінің ырызғысын шашып, өздері оқу емес, жын ойнақ ортасында жүрген қыз-жігіттер бізде аз емес. Басының қайда қалғанын білмей, баянсыз жар, бақытсыз ата-аналар болатындар осындайдан шығады. Казіргі жастарды бұзатын теріс жолға түсіретін жəйттің бірі – дүниеқұмарлық. Жастарды жоғарыда айтылған салт-дəстүрге, əдет-ғұрыптарға тəрбиелеуде. Тəрбие, ең алдымен отбасынан, мектеп қабырғасында, содан соң ЖОО орында жүргізілу керек. Ұрпақ тəрбиесі қай заманда болса да күн тəртібінен түспеген. Оны жақсарту біз сияқты жас тəуелсіз мемлекет үшін тіпті қажет. Біздің қоғамның шақ иелері мемлекетіміздің нығайып, аға буын бастаған істерді алға апарушылар солар. Халық өнерін игеру – жастарды еңбек сүйгіштікке, əсемдікке бағыттап, халқының тарихын біліп, мəдени мұрасын қадірлеп, жақсы əдет, дəстүрлерін жалғастыруға баулиды. Ұлттық тəжірибеміз отбасынан басталып, кейін де жалғасын тауып жатса, қазіргідей қазақ халқының қанында жоқ, ата-баба тəрбиесіне жат өзін жарық дүниеге əкелген анасын, əлпештеп өсірген асқар тауы əкесін қарттар үйіне өткізген, нашақорлық пен маскүнемдікке салынғандардың шаңырағы ортаға түспес еді. Атам заманнан жалғасып, арұжданымызға ұялаған, қанымызға сіңген қастерлі қазақ салтын ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын мұра ретінде кейінгі ұрпаққа қалдыру – бəріміздің де борышымыз. Ұрпақ тəрбиесіне айрықша мəн берген ата-бабамыз асыл сөздің кестесімен сəби жүрегін тербеп, ой-санасын игі адамгершілікке жетелейді. Сондықтан, кең байтақ ата жұрттан ертеден жас буынға жалғасып келген ар-ұят сақтау, мейірімді, шарапатты болу салтанатын құрды. Ұнасымды қарым-қатынас жасай білу. Бұл адамзат баласының əу бастан өз өміріне серік етіп, ұғыныса, сыйласа, тіршілік құру сапарында алға ұстап келе жатқан əдеп салттарының ең көкейкестісі. Адамдар өздерінің арасында тату, кішіпейіл, өресі деңгейлес қатынастардың тату болғаны жөн екендігіне ежелден-ақ ден қойған. Дəстүрге арқа сүйемегеннің көсегесі көгермейді деген атамыз. Яғни, отбасы ауыл-аймақ, көпшілік, қоғам болып адамдарды тəрбиелеу қазақ халқының өмірінен өзекті орын алған. Салт-санасы, əдет-ғұрпы, ойын-тойы осы мақсатты іске асыруға бейімделе жүргізілген. Атабабаларымыздың, даналарымыздың, ақын-жырауларымыздың ақыл-өсиеттері, ауыз əдебиеті үлгілерінде сақталған жəне халықтың ежелден келе жатқан салтсанасындағы, əдет-ғұрпындағы дəстүрлік тарих тағылымдарын өмірге үйлесімді пайдалану – ұл мен қызға берілетін тəлімді жетілдірудің тиімді жолы болуымен қатар, олардың бойына инабаттылықты, мейірімділікті, бір-бірін сыйлау, құрметтеу, адамдық қасиеттерді дарытуға игі ықпал ететін жəне оның өмірге тез сіңіп, болашақ отбасының тұрақтанып, бала тəрбиесін жақсартып, адамдар арасындағы қарым-қатынас жарасымын көркейтіп, жауапкершілікті өркендетуге ықпал етеді. Мұның нəтижесі түрлі кінəраттарға тосқауыл жасап, дөрекіліктер мен қатыгездіктен тиылуға жəне əдептіліктің бойға даруына ынталандыратын тиімді тəсіл. Сондықтан да, жастарды еліне, заманына сай тəрбиелеуде кұш жігерімізді аямағанымыз дұрыс. Ол үшін мектептерге, ЖОО-да ұлттық тəрбиемізді, салтдəстүрімізді үйрететін, оқытатын пəндер енгізіп, жастарға тəлім-тəрбие беру керек. Қорыта айтқанда, бүгінгі күнде жастарды əдепті де саналы етіп тəрбиелеу үшін, ең алдымен, тəрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дəстүрімізді, əдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, атабабаларымыздан қалған насихат мұраларын жастардың санасына сіңіре білу басты міндетіміз болуы қажет. Тəрбиенің көзі – ата-бабамыздан қалған дана сөздер десек, біз сол насихаттың жүргізушісіміз. Бұған қоғам алдындағы үлкен міндет ретінде қараған жөн.
РезюмеВ данной статье автор рассмотрел вопросы национального воспитания детей в казахской семье. Автор намерен более широко использовать национальные традиции и обычаи в воспитательном процессе. Summary In given article author have considered questions of national education of children in the Kazakh family. Author intend to use more widely national traditions and customs in educational process. |