Ж.Молдабеков –
философия ғылымдарының докторы,
əль-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң профессоры
ОЙ САЗЫ – КӨҢІЛ НАЗЫ
Аталы сөз – естелік, Айдарласаң ескеріп.
*** Адал ниет, бас иетін, Құт əкелер қасиетің.
***
Байлығың – өнеріңде, Білгеннің төлемінде.
***
Сөзін білген кісінің, Сенімін ұқ ісінің. *** Ойсыз пенде тозады, Ояу көңіл озады.
*** Байлауы берік ұстаным – Рух түзетер тұстарым.
***
Ақылды болсаң – құстайсың, Ақымақ болсаң ұшпайсың.
***
Жамандама еліңді, шығар төрің, Ластама жеріңді, кірер көрің.
***
Кісілікті көрген,
Кішілікке көнген.
Көз майын тауыстым деп күйінбестен,
Көңілмен оқып тоқтамды түйіндесең,
Қымбатты оқырман, ұлыққа ұйысаң, Жетені жетілдіре сүйінбес пе ең?!
***
Ел үмітін ақтаған, Жігітті жұрт мақтаған.
***
Еңбек етсең терлеп, – Көз – қырақ, ақыл – сергек.
***
Елдігін биік ұстаған, Ерлікке еркін тұстаған.
***
Үмітті өнерге құштар, Үлгілі əдебін ұштар.
***
Ибалыдан үйрен, Имансыздан жирен.
***
Салтын сақтаған, Қалпын сақтайды.
***
Тұғырың да, қыдырың да – Туған жер.
***
Рухыңды үрлеп сөзіңді айт, Мінез түрлеп, əдебің бақ.
***
Татулықтан айырылса азаматың, Ұсақ-түйекке көмілер парасатың.
***
Шындық тарат, сүйеніп тіл мен жаққа,
Жалғандыққа ұрынбай өзің сақта.
***
Білмей қызынба, Нілдей бұзылма.
***
Оқығанын қорытқан, Озып келер жорықтан.
***
Ел түлетсе, ардақта.
Есте тұт, əр уақытта.
***
Кісіге тигіз қолғабыс, Қасиеттіден тиер алғыс.
***
Бағытыңды дұрыс ұқ, Діттегенді меже тұт.
***
Достық- көз бен құлағың, Жүректе аққан бұлағың.
***
Өнегелі сөз тозбас, Бітімге бірлік оңдас.
***
Саулықта – тəнің таза, Тектікте – ұрпақ таза.
***
Ой қуатын құрақтаған, Бой күшіне тұрақтаған.
***
Бос сөздің көп азабы, Зар илетер мазағы.
***
Қанатты сөзге ұйыған, Сауығып дерттен тыйылған.
***
Ұлағатты ұрпақ Тұғырда тұрмақ.
***
Əділетпен жүрген, Əдеп ісін терген.
***
Туған-тума аясы – Жанашырлық саясы.
***
Ынсап-ұят баққан, Қадір-қасиет тапқан.
***
Ел дейтін – жамағат, Қазаққа қағанат.
***
Ұққанын өргендер, Қия бетке өрмелер.
***
Елдікті биік ұстаған, Зейін-зерде ұштаған.
***
Білімге салсаң тілекті, Тазартар ол жүректі.
***
Елімен есейген еңселі, Өрнектер өзін көш елі.
***
Ұйып тыңда – ел сөзін, Ашылар – ойлы көзің.
***
Ел азғыны қағыстырар, Естілері табыстырар. ***
Тірілт өзіңді, тарихты, Елдікке жетер қалыпты.
***
Елдікке намыс жеккен кезек күтпес, Ұлтжанды түзелер, мақсаты түптес.
***
Батыс: ойлаған іске батыл кіріс, – дейді,
Шығыс: өзіңді ұстау – үлкен бір іс, – дейді.
***
Сабырлықты сақтау, Сенімділікті баптау.
***
Татулықпен біріккен, Туыстықты тірілткен.
***
Сенім, бірлік, үміт – құт,
Өзіңе жол, киелік тұт.
***
Адамдық – ардың көзі, Ақиқат – нардың сөзі.
***
Қадір тұтқан намысты, Жұмылдырар шабысты.
***
Ізгілікті өз бойында түзеткен, Инабаттың босағасын күзеткен.
***
Өзіне сүйіспеншіл, Өрескелге міншіл.
***
Жел сөзге жерік, Құйынға кетті еріп.
***
Адал болса бас ниет, Құт əкелер қасиет.
***
Ибалы сауап құрар, Иланған иманда тұрар.
***
Жалған айтып суыспа, Жылыстарға жуыспа.
***
Дəм айдаса – қалмағын, Дəстүр көзің жалғағын.
***
Жалықпағын жастығым, Тер төксең шығар астығың.
***
Ел түлетсе – мадақта, Тіреніш тұт əр уақытта.
***
Арманшыл – өсер елдің баласы, Асқағы – сабақтастық арасы.
***
Тəрбиелесең жаныңды жастайыңнан, Тамсаныс өнерлінің бастауынан.
***
Қастық қылған оңбас, Өңінде таппас жолдас.
***
Қызбалықта таласқан,
Жөнді білмей адасқан.
***
Соқыр көңіл – ұрыншақ, Жаман əдет- сұғанақ.
***
Өктемді іштардан без, Өңделер ділмарды сез.
***
Астамшылықтан асқынған, Тұншығар ілік тасқыннан.
***
Жаман əдет – Өзіңе жендет.
***
Сертіне бұралқы, Соғылар жалқы.
***
Аңдамай басқан аяғын, Аямай соғар таяғын.
***
Құлқынға құлай берілген, Түршігер іске жегілген.
***
Ұмтылмасаң қамданып, Құл боларсың жалданып.
***
Кемшілік кімде жоқ, Асқынса, өзіңе оқ.
***
Қаһарланып дүріккен, Жылу таппас бүліктен.
***
Бірлік – күш-жігер түптер, Түзеліп міндет жүктер.
***
Асқақ рух көсегені көгертер, Албыртқа баба үнін іргелетер.
***
Əр нəрсені шалғаның, Осалдықта қалғаның.
***
Жан-жағын баптап таранған, Сақтанар ұсақ құрамнан.
***
Қалимаға келтірмек тіл, Тəубалық жолды біл.
***
Бос қолға бата жүрмес, Бос жүрген келер күндес.
***
Қабілетсіз – басқа қатер, Білімсіздік – елге қатер.
***
Ойнайсың – мін көтерсе, Сыйлайсың – сын өтесе.
***
Жемқорың құзғындықты дарытар, Жырындап ықыласты тарылтар.
***
Менмен қаратар, Сұғын таратар.
***
Елу ғой елдің құлағы, Діттеп нысана қуады.
***
Өтірікті ширатқан, Ар-ұятты құрғатқан.
***
Ар-намыс – ықылас заты, Ұрпақққа – əділ, ашық хаты.
***
Жаман əдетін тия ма,
Жақсы жолдасын қия ма?
***
Қыңыр ырыққа көнбес, Құлық еңіспен жеңдес.
***
Көлденең көсілме, Қисайып есірме. Ес жимай егескен, Кезігер кесірге.
***
Өзгелерді жамандау, Жеңілдікті амалдау. Іскерлікке талпыну, Кəделікке жақындау.
***
Тазалық сəн үшін,
Көзтартар тəн үшін,
Тұрақты мəн үшін, Көркейер жан үшін.
***
Ақыл мен əдеп күшті, Ардың сөгісі күшті. Бойға қасиет ұялатпақ, Азапта күйің күшті.