БАЛАҒА ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ БЕРУ БƏРІМІЗГЕ ОРТАҚ ҚАСИЕТ

Ү.Қ.Олжабаева –

қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі

БАЛАҒА ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ БЕРУ БƏРІМІЗГЕ ОРТАҚ ҚАСИЕТ

Жылдағы оқу жылы мектеп оқушылары үшін өте жауапкершілігі мол, қиын да қызықты сəттермен басталды. Бастауыш мектептен кейінгі жоғары сынып оқушысы атанып, тек бір-ақ мұғалімнің қарамағында оқып келген оларға 15 пəн жүретін болса, 15 мұғалім оқытып, əр пəннің өзінің кабинеттеріне барып оқу жəне жоғарғы сынып оқушыларымен аралас жүру олар үшін үлкен жаңалық, əрі қызық болды. Бұл кезеңде олардың мінез-құлқы, барлық жағдайы өзгеріске ұшырайды десек болады. Дəл осы кезеңде ұстаздардың үлкен көмегін қажет ететін оқушылар пайда болады. Бұл кезеңде ұлттық тəрбиеге баса көңіл бөлу керек.

«Балаға ең бірінші білім емес, тəрбие берілу керек, тəрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат əкеледі» деп əлФараби атамыз айтқандай, тəрбиесіз білім алу мүмкін емес.

Қазақта «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген қасиетті сөз бар. Бала өмірдің жалғасы, жанұяның жемісі, берер гүлі, алтын діңгегі. Үйде ата-ана, мектепте ұстаз бала жүрегіне жол табатындай көзге көрінбейтін нəзік жіпті үзбей жандандыра байланыс жасау керек.

Халқымыз «Ұстазға қарап, шəкірт өсер» деп ұстаз қауымына үлкен жүк артады. Ал, ұстаз үшін ең үлкен бақыт – өз еңбегінің жемісін жақсы жақтарынан көру болып табылады.

Сондықтан, ата-ана да баласына білім беріп, өмірге дұрыс нұсқау беретін ұстаз еңбегін бағалайды.

Бүгінгі күннің негізгі мəслелерінің бірі балаға ұлттық негізде тəрбие беру. Əр ата-ана өз баласына тəрбие бере отырып, өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін ұмытпау керек. Ұлы Абай атамыз айтқандай «Үш-ақ нəрсе адамның Қасиеті ол: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек».

Бала, ата-ана, мектеп болып бірлесіп жұмыс атқарсақ, үлкен нəтижеге қол жеткізеріміз анық. Осы істің терең тамырлануына сіз бен біз себепшіміз. Əдептілік, кішіпейілділік, сезімталдықты жүрегіне ұялататын жас ұрпақ, болашағымыздың ертеңі алдымызда отыр. Сондықтан атааналарды қатыстыра отырып, үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға тəрбиелеу жəне атаана, ұстаз, бала арасындағы ынтымақты нығайту, туған жерге, елге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында «Туған жерім – менің Қазақстаным», «Ата-баба дəстүрін ұмытпайық», «Балабіздің болашағымыз», «Салт-дəстүрді үйренейік» т.б. көптеген тақырыптарды сынып сағаттарын, ата-ана жиындарын өткізіп, пікір алысып, салт-дəстүр, əдетғұрыпты насихаттаудың маңызы зор.

Халқымыздың тағылымына ден қоя отырып, ұлттық дəстүрді дəріптеу, үйрету міндетіміз. Ынтымақ бар жерде тəрбие де бар, береке де болады.

 

Балаларымыздың жарқын болашағы үшін, оның мəнді болуына, ерінбей еңбек етіп, шаршамай ат салысуымыз керек. Көздеген мақсатымызға жету ата-ана, ұстаз қауымының төл міндеті деп білемін. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бала тəрбиесі жөнінде, əсіресе, ұлттық тəрбиені нақты берсек, еңбегіміз зая болмас. 

 

Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тəрбиені, озық өнегелі дəстүрлерді, адамгершілік асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптастыру, оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз. Сондайақ, ұлттық мəдениеттің, əдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың тағдыры мен болашағы да мектептегі жас ұрпақ тəрбиесіне байланысты.

Яғни, отбасы – қоғамның маңызды буыны жəне өзінше бір кішігірім ұжым. Көп ұлтты мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан қаланады. Осы жағынан кез келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп түсінеді. Тəрбиедегі басты бағыт делінген тəлім-тəрбие тұжырымдамасында: “Əрбір адам ең алдымен, өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттық болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық əдетғұрыптар мен дəстүрлер көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық мəдениетке аяқ басып, өз халқының мəдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан, əрбір ұрпақ өз кезімен өткеннің тағдыры мен талаптарын, объективті факторлар ретінде ұсынып, сол арқылы ұрпақты өмірге даярлап, оларды жинақталған бай тəжірибе негізінде тəрбиелей отырып, өзінің ата-аналарының рухани мұрасын игере түсуі керек” екені айтылған. Қазіргі кезеңдегі саяси, экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, тұрмыстағы күйзеліс, ұлтаралық қатынастардың шиеленісе түсуі, адамгершілік құндылықтардың құлдырауы, білімге, адал еңбекке деген ынтасының азаюы, отбасын құруға жауапкершілікпен белсенді қарамауы, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің бел алуы т.б. мəселелері жастар тəрбиесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр. Сонымен қатар, қазақ халқының əріден келе жатқан мəдениетін жəне білім, тəлім-тəрбие беру жүйесінің негіздерімен жан-жақты танысу бүгінгі күннің басты бағдары, талабы десек  те болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *