ОТБАСЫ ТƏРБИЕСІ ЖƏНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЛТТЫҚ МАЗМҰНДА, ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ҚҰРЫЛУЫ

ОТБАСЫ ТƏРБИЕСІ ЖƏНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЛТТЫҚ МАЗМҰНДА, ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ҚҰРЫЛУЫ

Отбасы – құрамы өзара туысқандықпен байланысқан, өзара қарым-қатынас пен өзара көмекке моральдық жауапкершілікті жəне тұрмысы ортақ ерекше жақын топтың əлеуметтік бірлестігі. Қазіргідей білім мен ғылым, техника қарыштап дамыған заманда қазақ отбасының жан-жақты қызметін біз төмендегіше қарастырамыз:

  • өмірге адам əкелу;
  • тəрбиелеу жəне əлеуметтендіру;

                  –қарым-қатынастық жəне

психологиялық реттеушілік;

  • экономикалық жəне шаруашылық;
  • əлеуметтік-мəртебелік;
  • бос уақытты ұйымдастырушылық:
  • жыныстық жақындық.

Отбасының бұл қызметтері бірібірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырады, өзара жете түсініседі.

Бала туу, өмірге адам əкелу – отбасының негізгі қызметі. Оны ешқандай мемлекеттік мекеме немесе басқа əлеуметтік институттар атқара алмайды. Адамның биологиялық мүмкіндігін іске асыру ерлі-зайыптыларға телінген басты міндет болмақ. Ол неке арқылы бекіп, отбасы жағдайында жүзеге асқанда ғана қалыпты жағдай саналмақ. Бұл үлкен жауапкершілікті, рухани қарым-қатынасты қажет етеді. Ерлізайыптылардың махаббатының жеміс беруі, өсіп-өркендеуі, өмірдің ата-ананың орнын басатын ұрпақпен жалғасуы жəне олардың саны əке мен шешенің қалауымен болатын іс. Бұл бір жағынан, саясидемографиялық мəселе болғандықтан да ұлтжандылық пен адамгершілікті талап етеді.

     Тəрбиелеу          жəне əлеуметтендіру

қызметінің басты міндеті – өмірге адам даярлау жəне бейімдеу. Бұл тек отбасындағы ата-ананың үлгі болуымен, үйретуімен шектелмейді. Сонымен қатар, білім алуға баулу арқылы да жүзеге асады. Бұл отбасы жағдайында баланың өмірге жанжақты сапаларын қалыптастыру, дамыту, даярлануы болып табылады. Отбасында тəрбиелеу жəне əлеуметтендірудің өзіндік принциптері мен шарттары, талаптəртіптері, əдістері мен тəсілдері бар.

Отбасының тəрбиелік əлеуеті – отбасының түрлеріне, құрылымына, салт-дəстүріне, ата-аналар беделіне қатысты ерекшеліктеріне сай, балаларды тəрбиелеудегі отбасының материалдық, ұлттық, психологиялық, педагогикалық, рухани, əсер етуші мүмкіндіктерінің жиынтығы.

Отбасы тəрбиесі – балалардың жеке ары мен абыройы сыйластық пен махаббатқа негіздеп, олардың қоғам жəне отбасы құндылықтарына сəйкес мүмкіндіктерін ескеріп, тұлғалық қалыптастыру мен қорғауға педагогикалық-психологиялық тұрғыда қолдауды қарастыратын отбасындағы үлкендер мен балалардың ортақ мүдделі əрекеті.

Отбасы тəрбиесінің ерекшеліктері:

  • Баланың барлық əрекеттеріне табиғи байланыс;
  • Ықпал етудің             ұзақтығы             жəне

үздіксіздігі;

  • Балаға қатысты қоғамдық орындар мен білім ордаларының мақсат-мүддесіне қызығушылық;
  • Тəрбиелік ықпалдың қарамақайшылықтары мен қайталанушылығы;
  • Туысқандық сезім, махаббат, сенім, өзара жауапкершілік негізінде тіл табысудың етене жақындығы, табиғилығы,

сан қырлылығы;

  • Ортақ сырды сыртқа шашпау;
  • Мамандығы, іскерлігі жəне түрлі қызығушылығы бар əр жастағы адамдармен тіл табысып, өзара ықпалдас болу;
  • Ықпал жасауға өзара бағыттылық.

Отбасы тəрбиесіне теріс ықпал етуші факторлар:

  • Материалдық құндылықтарға басымдылық беру;
  • Ата-аналардың рухани жұтаңдығы; – Ата-аналық сезімнің жетіспеуі;
  • Əміршілдік немесе шектен тыс босаңдық;
  • Қалыпты психологиялық ахуалдың болмауы;
  • Діни ағымдар мен партиялардың ықпалына көзсіз берілушілік;
  • Үлкендердің құқық бұзушылық

əрекеттері;

  • Отбасындағы үлкендердің педа г ог и ка л ы қ- пси холог и я л ы қ білімдерінің болмауы.

Отбасындағы тəрбиенің мазмұны тұлға мəдениетінің негізін қалыптастыратын компоненттер жинағынан тұрады:

  • ұлттық мəдениет;
  • өмірде өзін-өзі тану мəдениеті;
  • зияткерлік;
  • адамгершілікті;
  • эстетикалық;
  • тұлғаның дене    жəне             еңбек

мəдениеті;

  • жынысаралық қатынас мəдениеті.

Отбасы тəрбиесінің ұстанымдары:

  • мақсатқа құрылуы;
  • мəдениетке басымдылық танытуы; – ізгілікті адамгершілік;
  •  
 
   

  • баланың өмірін жəне оның талаптілектерін тəрбиемен байланыстыру; отбасы тəрбиесінің қоғамдық тəрбиемен

байланыстылығы жəне бірлігі;

  • баланың тұлғалық дамуының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің

ескерілуі;

  • тəрбие талаптары             мен

ұстындарының бірлігі;

  • отбасындағы əрекет пен тəрбиелік өзара қарым-қатынасқа баланы қатыстыру.

Отбасындағы тəрбие тікелей атаана басшылығымен жүзеге аспақ. Атаана беделінің болуы – басты талап. Ата-ана беделі – тəрбиеленушілер мен тəрбиешілердің бірін-бірі сыйлап, сенім білдіруі, талап-тілектері мен еркіне бағынуы арасындағы өзара қалыпты қарымқатынас. Отбасындағы əлеуметтендіру мүмкіндіктерін жүзеге асыруда ата-ана беделінің шынайылығы, үлкендік күш көрсетуден ада болуы, педагогикалық жоғары талап болмақ. Алайда, атааналар тарапынан демократиялықпен қатар бақылаушылық қарым-қатынас отбасындағы тəрбиеде безбеннің екі басындай тең болуы тиіс.

Мұғалімдер тарапынан отбасы тəрбиесіне педагогикалық ықпал – əлеуметтік-педагогикалық, ақпараттық, əдістемелік көмек. Оқушыларды отбасылық өмірге даярлаудың басты компоненттері: тəрбиелеу, оқыту мен білім беру болғандықтан, ата-аналарды ұрпақ тəрбиесіне даярлауда педагогикалықəдістемелік жағынан көмек көрсету – басты қажеттіліктердің бірі болмақ.

Отбасы өз қызметін ер мен əйелдің əлеуметтік деңгейі, білімі жəне өмір сүрген ортасына сай атқарады. Отбасы əлеуметтік ортасына сай бірнеше түрге бөлінеді: ауыл қазақтарының отбасы, қала қазақтарының отбасы жəне жұмысшы отбасы, зиялы отбасы, космополит (шала қазақ) отбасылар.

Ауыл қазақтары отбасының əлеуметтік орта шағын болғандығынан да барлық ауыл адамдары алдында өз міндетін сезінетін (таныс болғандықтан кездескен ауыл адамдарына сəлемдесу, жəрдемдесу, есеп беру т.б.) тұлға даярлау мүмкіндігі жоғары. Ауылдық отбасыларда жасөспірімдерді əлеуметтік ортада бейімдеу жəне сынауға жағдай жасалған. Оған отбасы мүшелері, ата-əже, əулет мүшелері, көрші-қолаң, ауыл ақсақалдары атсалыса алады.

Қала қазақтарының отбасы үшін ұрпақ тəрбиесіне мектеп пен қоршаған орта ғана ықпал ете алады. Қалалық отбасылардың балаларын жан-жақты тəрбиелеуіне, қабілеті мен бейімділігін шыңдауына мүмкіндік баршылық. Əйтсе де болашақ отбасылық өмірге даярлау мəселесін отбасы мен мектеп қана қарастырады жəне баланың өзі қалаған ортасында дамыту да ескерілуі керек. Көп жағдайда қала қазақтарының отбасылары үшін басты қиыншылық: бала ата-ана мен сынып жетекшісі назарынан басқаға аса маңызды емес.

Сонымен қатар, жұмысшы отбасында тəрбиеленген баланың да əлеуметтік ерекшеліктері болуы мүмкін. Себебі, ата-ананың араласатын ортасы да кейде балаларға ықпалды болады. Балалардың жас ерекшелік психологиясына сай, əдіс-тəсілдерді оңтайлы қарастырылу жолға қойылмауы мүмкін. Сырласу, ақылмен көмектесуге де дұрыс бағыт педагогикалық-психологиялық тұрғыда болуы керек.

Зиялы отбасында баланы тəрбиелеу мен өмірге бейімдеудің қолға алынуы саналы түрде жауапкершілікті қарастырады. Ұлттық тəрбие мен ұлттық құндылықтар биік мəдениет аясына топтастырылуы, зиялы ата-ананың өздері үлгі болуы, қоршаған ортаның мəдениеті ойластырылуы қажет.

Космополит (шала қазақ) отбасылар ХХІ ғасырда қазақтың көлемді пайызын құрап тұр. Елбасымыз 2007 жылы 9 сəуірде теледидардан тілшілерге берген сұхбатында: “9 миллион қазақтың 4 жарым миллионы – өз ана тілінде оқып-жаза, сөйлей білмейтіндер” деді. Қазақ тілінде сөйлей білмеген жанның, қазақтың этнотəрбиесі мен болашақтың ұлттық мұратын, тіпті ұлт мүддесін терең сезіне, түсіне қояды деу – артықшылық. Бұл отбасыларға қазақ мəдениетінен гөрі, орыстың немесе батыстың өмір салтын үлгі етеді. Космополит отбасылардың

некедегілер мен азаматтық некеде тұратындар да кіреді. Космополит отбасылардың пайда болуына еліміздің басынан кешкен тарихи кезеңдер мен нарықтық-экономикалық өзгерістер тікелей ықпал етті деп айтуымызға негіз бар.

«Отбасы – шағын мемлекет» болғандықтан да уақыттың жəне қоғамның əсерінен ол үздіксіз дамиды, өзгерістерге ұшырайды. Өмірлік құндылықтары да заман өзгерісіне сай өзгереді. Ал, ұлттың ерекшелігін сақтап, келбетін айшықтайтын этномəдени құндылықтар ұмытылмауы, дəріптелуі тиіс.

Жаһандану жағдайында қазақ отбасының ұлттың қалпы мен салтын сақтай отырып дамуына педагогикалық тұрғыдан ықпал етудің қажеттілігі дəлелдеуге мұқтаж емес. 

Қазақ қауымының əлеуметтік ұйымының бастапқы ұясы патриархалды отбасының бастау алатын ата-бабалары немесе əулеті болса, олардан құралатын ру-тайпа одан бірнеше есе үлкен болған. Қазақ халқының арасында рулық салтсананың сақталып келгенін олардың əр түрлі туысқандық қарым-қатынастарынан көре аламыз. Ең алдымен, жеті аталық ұстанымға негізделген бұл жол қазақ халқының этнобиологиялық, этномəдени, этнопедагогикалық, этноəлеуметтік ұлттық рухани тұтастығын қамтамасыз етіп отырған.

 

Ғалым К.Қожахметова «қазақ отбасындағы этноəлеуметтік рөлдер» ұғымын ендірген. Этнопедагогикадағы бұл тұғырдың біздің тақырыбымыз тұрғысынан маңызы ерекше.

Халқымыздың сан ғасырлар қалыптасып, тарих талқысынан өткен, салт пен əдетғұрып аясында өрбіп, тəрбие шеңберінде дамитын, заман талабымен жаңғырғанымен, қалпын сақтайтын тамаша дəстүрлері бар. Солардың негізгісі – “үш жұрт”. “Үш жұрт” – ұғымы туысқандықты сақтайтын этноəлеуметтік тұтастық. “Жігіттің үш жұрты” болып патриархалды түсінікке сай айтылғанымен, мейлі ер, мейлі əйел болсын, отау тігіп отбасын құрғаннан бастап, туысқандық қарым-қатынасты үш жұрты арқылы өрбітеді.

Этноəлеуметтік рөлдер “үш жұрт” аясында өз қызметін жан-жақты өрістетеді. Халқымызда “Ағайын жұрт – күншіл, қайын жұрт – міншіл, нағашы жұрт — сыншыл” деген сөз бар. Бұл, бір жағынан əлеуметтік-психологиялық сипаттама болғанымен, əлеуметтік-педагогикалық жағынан үш жұрттың адамды тəрбиелеудегі ұстанатын қағидасын көрсетеді. Демек, қазақтың жігіті немесе қызы үш жұртына жағу үшін үш түрлі ұстанымға сай əлеуметтенуі тиіс. “Күншіл”, “міншіл”, “сыншыл” ұстаным – адамды шыңдайтын аса өткір талаптар. Мысалы, отбасындағы ерлі-зайыптылардың  «Үш жұрты» дербес қарастырғанда – алтау, тұтас қарастырғанда – төртеу. Халқымыздың «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деуі, ұлттың əр істе бірлікте, тұтастықта ғана жетістікке жететініне жасалған тұжырым болса керек.

Жаһандануға бет бұрған қалпымызда ұлттық ерекшелігімізге негіз болып табылатын ұлттық құндылықтарымызды сақтау жəне ұлттық ұрпақ тəрбиесі мəселесінің маңыздылығы айқын. Біздің зерттеуімізге өзек болғалы отырған «ұлттық құндылық» ұғымы тек бүгінгі күннің мəселесі деуге болмайды. Адамзат тарихында адами құндылықтар өмірдің мəні мен мағынасы, маңызы болды. Бұл ғылым ретінде зерттеліп, зерделеніп, тамырын тереңге жібергендігіне тарихи деректер дəлел бола алады.

Құндылықтар туралы алғашқы түсінік антикалық заманда өмір сүрген Сократтан бастау алады. Сократ «игілік» деген ұғымды жеке-дара қарастырып, оған ерекше мəн беруінің өзі құндылықты болмысқа жақындатқаны. Платон үшін құндылық – өмір сүру. Аристотель үшін құндылық – адамның даналығы, яғни қандай да болсын, құнды нəрсені таба білуі. Софистер үшін құндылық – «Адамның өмірді бағалауы».

 
   


1-кесте. Құндылықтардың мəні

Осылайша, бастауын Сократтан алатын «құндылық» ұғымы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, дербес ғылыми атауға ие. Адамзат құндылығының негізін құрайтын жəне оны зерттейтін ғылым саласын аксиология дейді. Аксиология («ахіа» грекше «құндылық», «логос»  ілім, ғылым) ғылымының ең басты ерекшелігі, оның философиялық сипаты басым келеді. Өйткені, ақиқат шындықты іздейді. Ақсиологияның ғылым ретінде дамуына үлес қосқан философтар (Гегель, Кант, Ницше, Кассирер т.б.) мəдениеттің ішкі құрылымынан жалпыадамзаттық құндылық арқылы адам алдына қойған мақсатына жету жолында өмір сүру негізін құрайтын «мəнділік», «еркіндік», «игілік»,

«жақсылық» сияқты құндылықтарға ұмтылу қажет екенін атап көрсетті.

Ресейлік ғалым Н.Д.Никандров «Құндылықтар – тəрбие мақсатының негізі» деген мақаласында «құндылықтар өмірде халықтың менталитетінде қалыптасқан ережелерді есепке алады. Құндылықтардың өзгеруі тəрбие мақсатының өзгеруіне əсер етеді» деген. Шындығында, тəрбие мен құндылықтар тағдыры бір-бірімен тығыз байланысты.

Сондықтан да халықтың ділі осы негізде қалыптасады. Ұлттық тəрбиені айтқанда ұлттық құндылықтарды тілге тиек етеміз. Ал, ұлттық құндылықтар жөнінде айтар болсақ, тəрбиемен қорытындылаймыз. Бұл егіз ұғым тəрізді. Себебі, құндылықтың құнын ұғындыруда тəрбие құралын айналып өте алмаймыз. Демек, бұл қазақ халқының ұрпағын тəрбиелеуге негіз болатын ұлттық мəдениеттің тірегі. Бұл жөнінде ұғымның ғылыми тұрғыда ашылған анықтамаларына да сүйенеміз.

Ұлттық құндылықтар – ұлттың өзіндік ерекшелігі, ұлттық мəдениеттің өзгешелігі, ұлттық тілдің байлығы, ұлттық нақыш, ұлттық салт-дəстүрлер т.с.с. деген мағыналы түсінік беріліп, біздің жоғарыдағы ойымызды нақтылай түседі.

Ұлттық құндылықтар – қауіпсіздігі сақталған жəне үдерісті дамыған қоғам мен мемлекеттің, тұлғаның сұраныстарын қанағаттандырушы нəрсе немесе құбылыс жəне оның қасиеттері, олай болса, жаһандану заманында қазақ елінің дербес қалпын көрсететін тұлғалар тəрбиелеуіміздің қажеттігі айқындала түспек.

Демек, ұлттық құндылық белгілі бір ұлтқа ғана тəн, сол ұлттың дүниетанымы мен тəрбиесіне, жаратылысы мен мінезіне негіз болатын қасиеттерді құраушы дүниелер деп тұжырымдай келе, ұлттық құндылық – ерекшелік, абырой, мақтаныш туғызатын, ұлттық мəдениет пен ұлттық мінездің іргетасы деген түбірлі ойға табан тірейміз.

2-кесте Ұлттық құндылықтардың құрамы


Олай болса, қазақ халқының ұлттық құндылықтары нені құрайды, қалай жіктеледі деген сұраққа төмендегіше кестемен жауап береміз.

 

Жалпы, ұлттық құндылықтардың жалпыадамзаттық құндылықтардан шығатынын ескерсек, əр ұлттың тілі мен діні, ділі, өнері мен тарихы, орналасқан жері,

 
   


Отаны деген ұғымдар арқылы мазмұны ашыла түспек. Ұлттық құндылықтарды мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне орай, жіктеп төмендегіше қарастырдық.

Отбасында ата-ана арқылы берiлетiн тəрбиенiң басты мақсаты – баланың жасын, жеке ерекшелiгiн, психикалық процестерiн ескере отырып, өз тегiн жалғастыратын лайықты ұрпақ тəрбиелеу. Бұл мəреге жету үшiн отбасындағы тəрбие мынадай мiндеттердi шешуi керек:

  • баланың тағдырына, физиологиялық өсiп-жетiлуiне, денсаулығына жағдай жəне қамқорлық жасау;
  • бала тəрбиесіндегі             барлық

ұстанымдар мен тəрбие əдістерін, талаптілектерді балаға деген махаббатты сезіндіруге лайықтап, реттеу;

  • балаларының өзіндік бағасымен санаса отырып, қоғамның толыққанды мүшесi болуға даярлау;
  • еңбексүйгiштiкке баулу, баланы күнделiктi үй шаруашылығындағы еңбекке дағдыландыру;
  • отбасы мүшелерiнiң өзара дұрыс қарым-қатынасын, тiл тауып түсiнiсуiн, бiрiн-бiрi тыңдап, ата-ананы, жасы үлкендердi сыйлап, құрмет тұтуға үйрету;
  • бiлiм алудың, мəдени мiнезқұлықтың əдет-дағдыларын қалыптастыру;
  • баланың икемдiлiгiн, қабiлетiн байқап, мамандық таңдауға бағыт беру,

бағдарлау;

  • əдебиетке, өнерге, мəдениетке, ғылымға құштарлығын (жас ерекшелiгiне қарай əдеби кiтаптармен, ойындармен қамтамасыз ету, театр, мұражай, көрме, галереяларға апару) тəрбиелеу;
  • баланың ақылына, күшiне, бiлiмiне сай берiлген тапсырманы, талапты орындауын қадағалау, бақылау, тексеру, бағалау;
  • тəртiпке, ұқыптылыққа,

жауапкершiлiкке, ойшылдыққа т.б. баулу;

  • өзiн-өзi тəрбиелеуге, дербестiкке, шығармашылыққа баулу;
  • отбасында баланың əлеуметтiк рөлiн бiлуге мiндеттеу;
  • баланы өз тегiн жалғастыратын сабақтастыққа, болашақ жұбайлық өмiрге тəрбиелеу.

Осы аталған мiндеттердi қазақ отбасын-

да қалай жүзеге асырудың жүйесін жасауда бірізділік болмағанымен, ғалымдарымыз өздерінің зерттеу нысанасы тұрғысында қарастырып келеді. Əрине,           қазақ отбасындағы өзіндік ұлттық тəрбиесінің ерекшелігі, ұстанатын қағидалары, сүйенетін тағылымдары бар.

Қазіргі заман ерекшеліктерін ескере отырып, бүгінгі қазақ отбасының ережесi:

  1. балаға жақсы ат қою;
  2. баланың тiлiн, ойын дамыту;
  3. денсаулықты сақтауға көңiл бөлу;
  4. отбасында балаға        қатысты

мерекелердi қалдырмай тойлау;

  1. отбасылық құндылықтарды

бағалауға тəрбиелеу;

  1. баланың жынысына қарай тəрбие беру;
  2. бiлiм алуына мүмкiндiк жасау;
  3. жауапкершілік қалыптастыру;
  4. дүниетанымын қалыптастыруға үйрету;
  5. қабiлетiн шыңдап, дарындылығын дамыту;
  6. баламен оңаша қалуды естен шығармау;
  7. келеңсiздiктi балаларға естiртпеу;
  8. басқаларды үлгi ету;
  9. туысқандық сыйластықты ұғындыру;
  10. көршiмен тату болуға үйрету;
  11. баланың киiмiне мəн беру;
  12. айтқанды тыңдауға, бағыну заңына үйрету;
  13. үй шаруасының барлық түрiне баулу;
  14. қонақ күту, қонаққа бару;
  15. ата-бабадан келе        жатқан        салтдəстүрдi отбасында қалыптастыру;
  16. мамандық алуына көмектесу;
  17. жұбайлық өмiрге даярлау;
  18. отбасында əлеуметтiк рөл белгiлеу;
  19. қоғамда белсендi өмiр сүруiн үйрету;
  20. ұлттық ұғымдарға сүйiспеншiлiктi үйрету.

Ережелердің        мағынасы        толығымен мазмұны ашылған нұсқасы «Отбасы: бала мен ата-ана» атты əдістемелік көмекші құралда берілген.

Ережелердi iске асырудағы əдiс-тəсiлдер: тыңдау, үйрету, түсiндiру, пiкiр алысу, əңгiмелесу, талқылау, талап қою, мадақтау, жазалау, мүмкiндiк беру, қамқорлық жасау.

Аталған əдiс-тəсiлдердi нақтырақ төмендегiше мазмұнда қарастырған жөн:

  • баланың тiлiн ана тiлiнде шығарып, өз тiлiнде тəлiм беру;
  • бала тəрбиесiне қатысты газетжурналдарға жазылып, кiтаптар пайдалану;
  • балаларды қызықтыратын кiтаптар сатып алу, бiрге оқу, талдау;
  • ауызекi айтылатын халық шығармашылығындағы өсиет əңгiмелердi

талдау;

  • балаңыздың сұрағыңызға берген жауаптарын, уақытын белгiлеп, жазып жүру;
  • балаңызға махаббатыңыз бен мейiрiмiңiздi сездiру, жанашырлықты ұғындыру;
  • өз iсiңiзбен үлгi болу, көрсету;
  • баламен санасу, пiкiрiн тыңдау, ақыл сұрау;
  • баланың сырын             жаймау,             сенiм қалыптастыру;
  • орындалатын талаптар қою;
  • үй шаруасына,             қора-қопсы

жұмыстарына араластыру;

  • жиi мадақтау,           ынталандыру,

жiгерлендiру;

  • шектен шыққанда жазалау;
  • сабағына көмектесу, көмек алу;
  • деректi жəне көркем фильмдердi көрiп, талдау т.б.
 
   


Қазіргі қазақ баласын осыдан 25-30 жыл бұрынғы балалармен мүлде салыстыра алмайсыз. Заман өзгерген соң, адам өзгеріп жатқандай болып көрінетін шығар. Алайда, қазіргі балалардың ерекшелігі туралы зерттеген ғалымдардың айтуынша, қазіргі балалардың 80-90 пайызы жаңа санамен туылуда. Бұларды ғылымда «индиго балалар» деп атайды. Мысалы, қазіргі балалар қазақ тілінде сөйлеуге, домбыра тартуға, ұлттық киім киюге сұраныстары жоғары. Демек, қазақ болуға ұялмайды. Қазіргі балалардың ерекшелігі туралы өз алдына дербес тақырыпта баяндама жасауға болады.  

Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын жас ұрпақ бойына сіңіру, құрметтеуге тəрбиелеудің маңыздылығын сезіну – педагогикалық парыз. Қазіргі кезде тəуелсіз еліміздің ертеңі қазақ халқының ұрпағының білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді жан-жақты қабілетті, ұлтының болмысы мен сипатына сай, мəдениетіне құрметі жоғары ұрпақ баға жетпес қазынамен тең. Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мəселелерінің бірі – оқушыны жан-жақты дамытуда, білім беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүниетанымы терең, көзқарасының кеңістігі кең, рухани бай, ұлттық құндылық қасиеттерді жете түсінетін ұрпақ тəрбиелеу.

Мұндағы басты мақсат – тəуелсіз еліміздің алдыңғы қатарлы, дамыған өркениетті елдермен терезесі тең болуы үшін, қазақ елінің мəдениетін, тілін, өнерін, ғылымы мен экономикасын, елі мен жерінің байлығын ұлттық құндылық деңгейіне көтере білетін тəрбиелі ұрпақты өмірге дайындау.

 

Резюме

В данной статье автор указывает направления семейного воспитания с точки зрения национальных традиций.

                                                                          Summary

In this article, the author points out the direction of family education in terms of national traditions.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *